Доллардың көтерілуіне байланысты балалар медициналық көмексіз қалуы мүмкін
2018 ж. 18 қыркүйек
2221
0
Қазақстанда 36 бала шұғыл медициналық көмекке мұқтаж. Олардың ата-аналары мен қамқоршылары үреймен доллар бағамын бақылап отыр, деп жазды stan.kz.
Себебі, АҚШ валютасындағы өзгерістер балалардың сауығып кету үшін ем алуына мүмкіндік берер емес. Бұл балаларға ота жасалуы тиіс, алайда оны тек шетелдік дәрігерлер ғана жасай алады. Ал, ол қызметтердің құны доллармен және еуромен есептеледі. Тамызда ғана шетел валютасы бірнеше есеге өскен болатын. «Қайырымдылық қоғам қорында» доллар бағасының күрт көтерілуіне байланысты айырбас бағамынан 25 млн теңге жоғалғалтқандарын айтты.
«Бізде бір мезгілде барлық ақшаны долларға немесе басқа валюталарға айырбастау мүмкіндігі жоқ. Сол себептен бізде банкте заңды тұлғаның бір ғана шоты бар, ал барлық ақша ағыны бір жерде»,-дейді «ДОМ» қорының үйлестірушісі Жандос Сейіт.
Көптеген балалар емделу үшін Түркия, Ресей және Кореяға баруға мәжбүр. Ал, қайырымдылық ретінде аударылған ақшалар шотқа тек теңгемен түседі.