Бұдан былай Сауд Арабиясында дін тақырыбында әзіл сипатты жазба қалдырған әлеуметтік желі қолданушылары заң алдында жауап беретін болады. Мұндай жағдайда темір тордың арғы жағында жаза өтеу мерзімі бес жылға дейін созылады, деп хабарлайды Baq.kz.
Сауд Арабиясында орынсыз әзіл үшін түрмеге қамайтын заң қабылданды
2018 ж. 06 қыркүйек
1936
0
«Әлеуметтік желілер арқылы күлкілі, мазақ, арандату сипаттағы қоғамдық тәртіпті, діни құндылықтарды және әлеуметтік моральді бұзатын жазба тарату киберқылмыс болып саналады», - делінген ведомствода.
Дәл осы сипаттар бойынша кінәлі деп табылған адамдар 40 күннен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, олар үш миллион риал көлемінде (800 мың доллар) айыппұл төлеуі керек.
Басылымның хабарлауынша, 2012 жылы Сауд Арабиясындағы блогер ислам дінін балағаттағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны және 1000 мәрте қамшымен ұрылғаны туралы жазған.