Педофильдерді жазалау үшін бюджеттен 9 миллион теңге бөлінді
2018 ж. 04 қыркүйек
2634
0
Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева үкіметте өткен брифинг барысында Қазақстанда тұңғыш рет химиялық кастрация жасалатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
«Биылғы 1-қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрация жасау тәртібі туралы бұйрық күшіне енді. Соттың шешіміне сәйкес, енді химиялық кастрация жасауға рұқсат берілді. Республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Бүгінде соттың шешімі негізінде химиялық кастрация жасау бойынша бір өтініш түсті», — деп хабарлады вице-министр.
Бірақ вице-министр өтініштің нақты қалай қаладан түскенін нақтыламады.
Ақтаеваның айтуынша, елімізде химиялық кастрация жасауға 9 миллион теңгеден аса ақша бөлінді.
Еске салайық, 2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған еді. Заң жобасындағы өзгертулердің ішінде педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу де бар. Хабарламада Заңның балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталғаны айтылады. Заң жобасындағы өзгертулердің ішінде педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу де бар.