Оғыз Доған: Аурухана қызметкерлері Мемлекеттік тілге қатысты заңға бағыну керек
2018 ж. 28 тамыз
6327
1
Әлеуметтік желіде елорда тұрғыны Мұқағали Балқыбаев есімді жігіттің жазбасы үлкен резонанс тудырды. Қалалық ауруханалардың бірінде жатқан ол өзінің фейсбуктегі парақшасында дәрігердің мемлекеттік тілде қызмет көрсетпей қойғанын жазған болатын.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің "СҰМДЫҚ! Ресей тілін білмеген адам Астана ауруханасында өлуі керек пе?" атты мақаласында егжей-тегжейлі жазылған. Аталмыш мақалаға алғаш болып белсенді Оғыз Доған үн қатты.
Осыған орай белгілі қоғам белсендісі Оғыз Доған аурухана қызметкерлерін тілге қатысты заңға бағынуға шақырып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
- Ең болмағанда бір топ "мен қазақпын!" дейтін қоғам белсендісі сол ауруханаға барып, мына бауырымыздың жағдайымен танысып, аурухана қызметкерлерін мемлекеттік тілге қатысты заңға бағынуға шақыру керек!!! Аяғым сынып, гипсте тұр!.. Ешкім бармайтын болса еңбектеп болса да мен барамын!!! Барыңыздар Астаналықтар, Алла үшін өтінемін...
qazaquni.kz