Алматы облысында «мал сасып кетіпсің» деген сөз үшін төбелесте екі адам мерт болды
2018 ж. 23 тамыз
2387
0
Алматы облысында мамыр айында болған төбелестен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Қаскелеңде төбелескендердің соты басталды. Мамыр айында мереке қарсаңында 7 жігіт Қаскелең қаласында мерекені атап өтеді. Бірінің «мал сасып кетіпсің» деген сөзі үшін төбелес басталған. Екі айыпталушы Іле Алатау мемлекеттік ұлттық саябағының қорықшысы Олжас Мейірханов пен Әмір Әбубәкіров. Екеуі де кінәсін мойындаған жоқ.
«Қорқыту мақсатында ғана ұрғанмын. Оған да қандай да бір ауыр жарақат, не өлтіру үшін ұрған жоқпын. Ойым болған жоқ сондай», – дейді айыпталушы.
Жәбірленуші Қаһарман Жұман оқиғаның іле-шала есінде қалғанын айтты.
«Менің есімде бары Олжас келіп кетті. Одан кейін бір атыс болды. Сол оққа қарай жүгіргенімде алдымнан Олжас шығып, қолында мылтығы бар, маған қарсы оқ атылғанын көрдім. Болды ары қарай құладым, одан әрі есімде жоқ», – дейді ол.
Оқиғаға 9 адамның қатысы болғанымен сотқа 4 адам келген жоқ. Марқұм болғандардың жақындары айыпталушылардың артында қалған бала-шағасының кәмілетке толғанша ақшамен қамтамасыз етуін талап етуде.
«Талабым сол, балаларымды жеткізіп берсін үш немеремді. Он сегіз жасқа дейін төлейтіннің бәрін төлесін. Әкесінің беретінінің бәрін осылар төлесін», – дейді олар.
Сотта жәбірленушілер куәгер ретінде жауап берді. Екі жақ та өз нұсқасын айтып сендіруге тырысты.