Атырау облыстық ІІД басшысы казинодағы видеоға қатысты түсініктеме берді
2018 ж. 23 тамыз
3147
0
Қазнетте Атырау облыстық ІІД басшысы Аян Дүйсембаевтың казинода ойнап жатқаны түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ІІМ өкілдері жоғары лауазымды полицей түсірілген видеожазбаны тексерді.
Аян Дүйсембаевтың айтуынша, бұл оқиға 2014 жылдың қазанында болған.
"Сол кезде Атырау облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары қызметінде болған Дүйсембаев досымен бірге Минскіде болған. Оның досы ойын мекемесіне өзінің танысын ертіп келген. Ал досының әйелі оның бұл әрекетіне қарсы болған. Оны тоқтату үшін әйелі Дүйсембаевтан казиноға келуін сұраған. Дүйсембаев өзі ойнамаған. Оған 2014 жылдың қазан айында жүргізілген тексеріс дәлел бола алады", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.