Адам өлтірген Кузнецов Қазақстаннан қашып кетіпті
2018 ж. 16 тамыз
2607
0
«Чукотка» барындағы төбелес кезінде Сырым Мұратқалиевтің өлімі үшін сотталған Александр Кузнецов Қазақстаннан кетіп қалды.
Александрдың достарының айтуынша, 2 шілде күні бостандыққа шығысымен ол өзін нашар сезініп жүрген, деп жазады Sputnik.
«Бостандыққа шығысымен Александр өзіне тағылған 8 жылдық жазаны ауыстыруға, әділдікке жетуге талпынатынын айтты. Жәбірленушілер Қапшағай қалалық сотына қайта шағымданған соң ол «мені қайта түрмеге тығатынын түсіндім» деді», – дейді достары.
Ол өзіне күнделікті әлдекімнің хабарласып, кінәсін мойындап, жәбірленуші тараппен келісімге келу керектігін, олай етпеген жағдайда қайта түрмеге жабатынын айтқанын жеткізді.
«Мен істемеген нәрсені қалай мойындаймын? Бұлай болғанына өкінемін. Ешкім ол жерге өлем деп барған жоқ. Жәбірленушілердің айтқаны жалған», – дейді Александр.
Оны бәрінің танығаны, жұмысқа алмағаны қиынға соқты. Достарының айтуынша, ол бұл елде қала алмайтынын білді. Құжаттарын жасап, айыппұлдарын төлеп, заңды түрде елден кетті. Ешкімнен жасырынған жоқ. Кешегі сот үкімі шықпай тұрып, Қазақстаннан кетіп қалған. Қайда екенін айтылмайды. Ал, үш күннен бері телефоны сөндірулі.
Александр Кузнецов түрмеден 2018 жылы шілде айының басында шықты. Қапшағай қалалық соты оның қалған жазасын айыппұлмен алмастырған еді.
Жәбірленушілер мұнымен келіспей, облыстық сотқа арызанды. Кейін сот қайта қарап айыпталушыны түрмеге қайта қамау туралы үкім кесті.
Кузнецов 2015 жылы «Чукотка» бары алдында Евгений Фроловпен, Сырым Мұратқалиевпен төбелескен. Төбелесте Сырым көз жұмды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Чукотка» барының маңындағы төбелес үшін сотталған азаматтың жақында ғана бостандыққа шыққанын хабарлаған болатынбыз. Алайда, оның жазадан оңай сытылып кеткенін естінен марқұмның туыстары сот шешімне шағымданып, Кузнецовты қайта қамауға алуды етті.