Алматыда әкесінің мәйітін шығармақшы болған ер адам лифт шахтасына құлап кетті
2018 ж. 15 тамыз
2782
0
Алматыда төрт ағайынды қайтыс болған әкесінің мәйітін шығармақшы болғанда қайғылы жағдай орын алды. Олар лифтіге кіргенде, лифт төртінші және бесінші қабаттардың арасында тұрып қалған. Ағайындылар өздігінше шықпақ болған кезде соңғы болып шықпақ болған Ринат Тоғжанов аяғы тайып, құлап кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.
Жансақтау бөлімінен шыққан Ринаттың сөзінше істен шыққан лифтіден туысы бірінші болып шыққан. Алайда өзі шығайын деген кезде, аяғы тайып, төменге құлап кеткен. Мұнан әрі болған жайтты білмеймін, дейді ол.
Салдарынан оның қабырғалары сынып, беті тілінген әрі көк бауыры жыртылып кетіпті. Оны дәрігерлер өлімнен аман алып қалды. Алайда оның толықтай сауығып кетуі үшін ота жасалуы тиіс.
Травматолог дәрігердің айтуынша, Ринат 3 күннен соң палатаға ауыстырылады деп жоспарлануда.
«Қалыпты жағдайда, орташа ауырлықта. Енді сынған сүйектерінің отасына дайындалып жатыр. Жеті-он күндей жатады. Жағдайы бірқалыпты, жақсы болғанда шығарамыз», – дейді травматолог Арман Байболов.
Ал Ақбұлақ ықшамауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындары лифт мәселесі әлі де шешілмей тұрғанын айтуда.
«Лифт үшін жаман жағдайлар орын алуда. Өкінішке орай, лифт жиі істемей қалады. Біз лифтіні жөндейтін жұмысшыларға үнемі қоңырау шаламыз. Алайда, менің ойымша,мұндай жағдайға жеткеніміз өзі қаншалықты нашар жағдайда өмір сүріп жүргеніміздің белгісі», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Римма Ескендір.
Ринат ажал құша жаздаған күннен бері лифт істемей тұр. Ал 9 қабатты үйдің тұрғындары жаяу көтеріліп-түсуге мәжбүр болып отыр.
Алайда лифтінің жұмысына жауапты «Алматылифт» мекемесі жауап бермей, үнсіз қалды.
Ал Ринатттың туыстары адам өміріне қауіп төндіріп, зақым келтірген лифтінің жұмысына жауапты мекеменің үстінен сотқа шағымданбақ.