Елбасы мемлекетті діни экстремизмнен қорғауға шақырды
2011 ж. 06 қыркүйек
1222
0
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев діни ұйымдар қызметін бақылауды күшейту керектігі туралы айтты. Дінаралық мәселелерге келсек - біз міндетті түрде тиісті заң қабылдап, өзгертулер енгізуіміз керек. Әңгіме ождан бостандығына тыйым салу туралы емес, әңгіме мемлекетті діни экстремизмнен қорғау қажеттігі туралы болып отыр, барлық мемлекеттер солай жасайды, - деді Астанада Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген президенті Назарбаев.