Белгілі журналист "Қазақтар күнін" атап өтуді ұсынды
2018 ж. 10 тамыз
3636
0
1994 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 9 тамызды әлемнің байырғы тұрғындарының халықаралық күні деп белгілеген. Қазақстанда байырғы жалғыз тұрғын халық ол – қазақтар. Сондықтан Қазақстанда 9 тамызды Қазақтар күні деп атап өтуге әбден болады.
1982 жылы БҰҰ жанында байырғы тұрғындар бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен екен. Оның мақсаты байырғы тұрғындардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау болатын. 2007 жылы 23-қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы «Байырғы тұрғындардың құқықтары туралы Декларация» қабылдады. Бұл халықаралық құжат бойынша байырғы халықтар өзін өзі билеуі құқығын баянды ете отырып және осы құқықтың негізінде өзінің саяси мәртебесін өз бетімен еркін айқындауына болады.
Жаратушы Иеміз ата-баба жерінде Қазақ халқына берген ажырамас құқықтары негізінде, Конституцияда айқындалмаса да Қазақстанды ресми түрде мемлекет құраушы Қазақ халқының мемлекеттілігі деп жариялауына құқылы. Халықаралық құжаттың кереметтілігі де міне, осында! Мерекелеріңізбен, құрметті қандастар!!!
Марат Тоқашбаев, Қазақ үні