Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Басылымның хабарлауынша, провинциялық үкімет осы жылдың қыркүйегінен бастап адамның сүйек қалдықтарын жоюдың жалғыз әдісі ретінде мәйіттерді өртеуді көздеп отыр.
Халықтан мәжбүрлі түрде тәркіленген табыттар экскаватормен жойылды. Бірақ, жергілікті үкімет тек табыттарға ғана емес, сонымен қатар басқа да дәстүрлі рәсімдерді, соның ішінде ескерткіш тастар мен қағаз ақша қоюға да тыйым салды.
Қытайда мұндай рәсімдерді өткізуге алғаш рет тыйым салынып тұрған жоқ. Бұған дейін Шаньдун провинциясында дәстүрлі жерлеуді өткізуге тыйым салынған болатын. Жаңа саясат бойынша қайтыс болғандардың мәйіті өртелуі керек, ал марқұмдардың туыстары тиісті рәсімнің өткені туралы сертифатты көрсетуге міндетті.
Дегенмен, Қытайдың кейбір тұрғындары үшін жерлеу рәсімінде мәйіттің әдеттегідей жерленгені өте маңызды. Себебі, олар марқұмның денесін сол күйенде жер қойнына тапсырылғанын қалайды. Сондықтан, кейбір азаматтар қайтыс болған адамның денесін бүлінбеген күйінде жерлеу үшін басқа біреудің денесін өртеп, сертификат беретін «мәйітті саудалаушы» қызметтерге жүгінеді. Бірақ, мұндай қызметтер көбінесе жасырын түрде жасалады.