Демалыс күндері Қазақстанда 20 адам суға кетті
2018 ж. 09 шілде
2824
0
Сенбі, жексенбі күндері Қазақстан аумағында 20 адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Белгіленбеген жерде суға түсу салдарынан Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 3, Қарағанды облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 2, Алматы облысында - 1, Қостанай облысында - 1, Ақмола облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 1, сондай-ақ Астана қаласында - 1, Алматы қаласында 1 адам суға кетті.
«Төтенше жағдайлар комитеті суайдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін, сондай-ақ белгіленбеген жерде шомылуға болмайтынын кезекті рет ескертеді. Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында егжей-тегжейлі көрсетілген шомылу барысындағы қауіпсіздік ережелерімен танысып шығуды сұраймыз. Азаматтар жиі жағдайда құтқарушылардың ескертулеріне құлақ аспайтынын атап өту керек. Мысал ретінде Қостанай қаласында сенбі күні болған оқиғаны айтуға болады. Құтқарушылар рейд барысында азаматтарды белгіленбеген жерде суға түсудің қаупі жөнінде ескерткен. Бұл адамдар суға кетер еді, егер оларды ер адам құтқарып қалмаса. Бірақ оларды құтқарамын деп ол өзі суға кетті», - деді Р.Иманқұлов.