Ресей депутаты Астананың атын Елбасының атымен атауды ұсынды
2018 ж. 06 шілде
2696
0
Ғарышқа ұшқан алғашқы әйел Валентина Терешкова — бүгіндері Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасында депутат.
Ол ресейліктердің Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қалай жақсы көретінін айта келе, Астананы сол кісінің атымен атауды ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Меніңше, Астана деудің қажеті жоқ, бұл қалаға мемлекет басшыларыңыздың есімін берген дұрыс қой.
Біз ол кісіні қатты жақсы көреміз, президентіміз Владимир Владимирович Путин мен Нұрсұлтан Әбішұлының жақсы қарым-қатынасын мақтан етеміз. Біз бұған өте қуаныштымыз», — дейді Терешкова.
Айта кетелік, Терешкова Мемлекеттік Дума делегациямен бірге Астанада жұмыс сапарымен жүр.
Жалпы, Елбасы есімін Астанаға беру туралы бізде екі рет ұсыныс жасалған: 2016 және 2017 жылдары. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсыныстардан бас тартқан.