Рамзан Қадыров: Егер адам ұрлық жасаса, одан бәрін тартып алу керек
2018 ж. 29 маусым
2800
0
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров «Известия» басылымына берген сұхбатында жемқор шенеуніктің ең ауыр жазасын атады. Оның айтуынша, пара алған не берген шенеуніктің мүлкін түгел тәркілеу керек, - деп хабарлайды qamshy.kz.
«Жемқорлықпен ұсталған басшылар, әкімдердің ісі тек сотпен бітеді. Бірнеше уақыт түрмеге отырып шығады да, баяғы бай қуатты өмірін жалғастырады. Сол себепті біздің стратегия басқаша: қателескен адамды көрсек, оның ақшасын тартып алып әлеуметтік нысандар, жолдар саламыз, мұқтаж адамдарға көмектесеміз. Егер адам ұрлық жасаса, одан бәрін тартып алу керек. Менің ойым – осы», - деді Қадыров.
Сонымен қатар Шешенстан басшысының ойынша, бәрі басшының қолында. «Егер басшы адамдардың ұрлыққа баруын қаламаса, міндетті түрде басқа әдісті ойлап табады. Әйтеуір адамдарының ұрлауына жол бермейді», - деді.