Дәурен Абаев байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
2018 ж. 28 маусым
2125
0
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев барлық БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Министр құттықтау сөзін Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Қазақ үні.
«Құрметті әріптестер! Сіздерді бүгінгі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республикалық, аймақтық, аудандық басылымдар, телеарна мамандары және байланысшылар мен пошта қызметкерлері ел игілігін арттыруға үлкен үлес қосып отыр. Біздің еліміздегі ғана емес дүниежүзіндегі оқиғалардан анық ақпарат алатын мүмкіндігіміз бар. Ол ең алдымен Сіздердің еңбектеріңіздің оң нәтежиесі».