Ақпараттық қауіпсіздігіміз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында... — Тоқтар Жақаш
2018 ж. 26 маусым
3390
0
Ақпараттық қауіпсіздігіміз осы уақытқа дейін ұстағанның қолында, тістегеннің аузында жүр! Еліміздегі кез-келген телеарнаның орыс бөлімін алып қараңызшы. Ылғи Ресей мүддесі үшін жанын алып, жанын салып жүрген біреулер. Ярослав Красиенко деген болды КТК арнасында. Қазақтың нанын жеп жүріп, Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігіне мысқылмен қарайтын. Содан басқа адам жоқтай, телеарна басшылары Красиенконың барлық жағдайын жасады. Тіпті, оның есірткі қолданбай сюжет жасай алмайтынын басшылық білсе де білмейтін сыңай танытты. Ол көрген артықшылықты КТК-ның қазақ бөліміндегі бірде-бір журналист көрмеген шығар?! Жұмысқа келген күні айналасына жәутеңдеп жүрген жетім бала сияқты еді. Алматы мен Астанадан үй алып, қарны тойды. Қарны тойғасын, Мәскеуге зып ете қалды.
«Еуразия» арнасында бүкіл елге күлкі болған Александр Замысловты білесіз. «В интересах Родины» деген сараптамасымақты жүргізген шәңкілдек Шәукентаева деген қатын мен Руслан Смыков дегенді де білесіздер. Елдің идеологиясын жасамақ болып, бүкіл әлемге масқарасы шықты. Олар да зып етіп, Мәскеуден бір-ақ шықты. Қазір осы төрттік «Пятница» деген телеарнада тізе қоса жұмыс істеп жатқан көрінеді.
КТК-ның тағы бір «мықтысы» Шахматов еді. Қалтасын қалыңдатып, өзі айтпақшы «Қазақстаннан аларын алып болған соң» Ресей асып кеткелі отыр.
Қайсыбір жылы Шымкентте Қазақстан әнұранын сыйламай, бүкіл елді аяқтан тік тұрғызған Марина Низовкина да есте шығар? Әнұран ойналғанда оған құрмет көрсетпек түгілі «Мен Ресейдің азаматымын!» деп кеуде қаққан еді. Ресей азаматына қатысты не шара қолданылғанын білмейміз. Бірақ Низовкина әлі күнге дейін КТК-ның Шымкенттегі тілшісі болып қызмет етіп жүр! Сонда, миллиондық Шымкенттен орыстілді бір қазақ журналисінің табылмағаны ма? Низовкина Ресей азаматы болса, неге Ресей идеологиясына қызмет етпейді? Әлде, «Қазақстанды қазақтар басқара алмайды» деген месседждегі сюжеттерін ешкім байқамай ма?
Мемлекеттік арналардағы қазақ бөлімі де жетісіп тұрған жоқ. Әлгінде «Хабарда» Қыдырәлінің қатыны бір әйелге: «Осы жаймашуақ мінезіңіздің құпиясын айтасыз ба?» деп трафареттік сұрақпен сағызын шәйнееп отыр!
«Мынандай былжырақ идеологиямен билік басындағы шенеуніктер болашақ ұрпаққа қандай ел қалдырмақ?» деп қатты ойланам. Сол ойдың екпінімен, мұхит асып менің де көшіп кеткім келеді. Ұрпағымды есі дұрыс адамдар басқаратын елге апарғым келеді. Сонда… сонда мұндай ел кімге керек, өзі?!
Тоқтар Жақаш,
Фейсбук парақшасынан