2 жылдан бері араласып жүрген Венера мен Даленнің тойы Ritz-Carlton залында өтті. Тойға жақын туыстар ғана шақыртылды. Елбасы мен Дариға Назарбаева екі жасқа жүрекжарды тілектерін айтты. Сондай-ақ арнайы Ресейден келген Филип Киркоров та той төрінде жас жұбайларға бақыт тіледі.
22 жастағы Венера әлі студент. Қоғамдық коммуникация және өнер саласында оқып жатқан ол анасының қайырымдылық шараларына қолғабыс боп жүр. Ал Ал Дален болса әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Ол Қазақстандағы әйгілі Чайжүнісовтер отбасында дүниеге келген.
Aйта кетейік, Дариға Назарбаева 7 жасар ұлы Асылжан мен 7 жасар немересі Сұлтанды өсіріп жатыр.