«АЛАШ АРЫСТАРЫНА ТАҒЗЫМ» ШЕРУІН ӨТКІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ
2018 ж. 07 маусым
1543
0
Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық күніне орай «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары мен Орталық кеңсесінің қызметкерлері қуғын- сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» қасірет кешенінде болып, гүл шоқтарын қойды.
«Ақжолдықтар» іс-шараның соңында жазықсыз жапа шеккен жандардың аруағына қол жайып, құран бағыштады. «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әрiптестерiне келешекте осы күнi қуғын-сүргiнге ұшыраған аталарының суреттерiмен шығуды ұсынды.
– 31-мамырда құрбан болған арыстар суреттерін алып шығатын шеруді «Алаш арыстарына тағзым» деп, немесе «Мың өлiп, мың тiрiлген Алаш» деп атау керек, – деді «Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев. Ақжолдықтар ашық аспан астындағы мұражайды аралап, зұлмат жылдардың қасіретімен танысты.
Qazaquni.kz