Денсаулық сақтау министрі түн ішінде емхананы тексеріп, дәрігерлерді әшкереледі
2018 ж. 07 маусым
3824
3
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бесінен алтысына қараған түні ешкімге ескертпей Алматыдағы №12 емханаға барды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Емханаға келгенде бір топ адам бас дәрігердің қабылдауына кіре алмай тұрған. Министр медициналық көмекке зәру адамдардан кешірім сұрап, емхана қызметкерлерін сөкті. Министр емханада тек 3 дәрігер жұмыс істеп жатқанын айтып, емхана қызметкеріне барлық дәрігерді шақыруын талап етті, көмекке мұқтаж науқастарға көмектесуін сұрады.
Министр бірнеше күн бұрын науқастарды қабылдайтын қосымша пунктерді ашуды тапсырғанын айтады, алайда тапсырма әлі күнге дейін орындалмаған. Елжан Біртанов күн санап дәрігерге қаралғысы келетіндердің саны артатынын айтып, алдын ала шараларды қолдануды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда менингикокк инфекциясы өршіп, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов Алматыға келген болатын.