«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметке лайықты азаматтар келуі керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Назарбаев Сарыағашта «зорланған» баланың ісіне назар аударды
2018 ж. 01 маусым
6454
2
«Мемлекеттік қызметке лайықты азаматтар келуі керек, сондықтан қызметтік орынға лайықты азаматтар таңдалуы қажет. Оның басқаша жолы жоқ. Мен кеше мұны Қауіпсіздік кеңесінде де ашық айттым. Яғни Оңтүстік Қазақстандағы кішкентай ұлмен болған жағдайға байланысты. Оны жоғары сыныптың оқушылары зорлаған. Осы жағдай қоғамның назарын өзіне аудартты, бірақ осы оқиғаға кінәлілерді тауып, жауапқа тарта алмадық. Неге екенін білесіздер ме? Себебі, тиісті орындарда туған-туыстар отырған. Полицияда да сондай. Жоғары органда да туған-туыстар қызмет атқарған. Заң бойынша мұндай жағдай болмауы керек», - деді Елбасы.
Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру маңызды екенін атап өтті.
Еске салып өтсек, осыған дейін отандық БАҚ бетінде «Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған» деген ақпарат тараған еді. Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын оқушыны өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдапты.
Алайда сот-медициналық сараптама қорытындысы бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарған.
Бірақ тиісті тексерістерден кейін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектепте болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды. Яғни ҚР заңына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ. Сәдібековке қатаң ескерту берілді.
Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О.Бердалы мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимов, ювеналды полиция бөлімшесінің №73, №74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриев қызметінен босатылды.