ҰСТАЗ БІЛІКТІ БОЛСА, ШӘКІРТ БІЛІМДІ
2018 ж. 28 маусым
3776
0
Елбасымыздың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі атап көрсеткен 100 нақты қадамының 79-шы бөлімінде: «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру керек», – деп айтылған еді.
Жаһандану ғасырында әлемдегі бәсекеге қабылетті мемлекеттер қатарына ену үшін ең алдымен білімді, білікті жастар қажет. Осы орайда елімізде 2015 жылдан бастап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен көптеген іс-шаралар атқарылуда. XIX ғасырда көш бастап тұрған алып мемлекеттердің ресми тілі ағылшын тілі екенін және әлемнің ¾ осы тілде еркін тілде сөйлесетінін ескерсек, ағылшын тілін жетік білген адам бәсекеге бір қадам жақын екені белгілі.
Еліміздегі білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу мықтап қолға алынып жатыр. Білім беру жүйесінде ағылшын тілін сатылай меңгеру қолға алынуда. Тіпті қазіргі кезде ағылшын тілі кейбір балабақшаларда оқытылып жатыр. Бұл дегеніміз, бала мектеп бітірген кезде үш тілді жетік біліп шығады деген сөз.
Сонымен қатар, қазіргі кезде ғылым саласын дамыту көптеген экономикасы дамыған мемлекеттердің басты мақсаты болып отыр. Жоспар бойынша 2020 жылы еліміздің 95 пайызы үш тілді еркін меңгеруі тиіс. Мақсат айқын, жоспар нақ, алайда осы мақсатқа жету үшін ең алдымен білімі шыңдалған мұғалімдер керек екені бәрімізге белгілі. Көзі ашық, жан-жақты мұғалімдерге мемлекетіміз кенде емес. Алайда, білікті мамандардың саны республика аумағындағы білім беру ордаларына шақсақ, саусақпен санарлық жағдайда. Бұл ақауды шешу үшін, елімізде жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде білім беру жолында биыл 8871 мұғалім бiлiктiлiктi жетілдіру мақсатында тілдік курстарынан өтеді. Бұл жайлы Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәжілісмендердің депутаттық сауалында айтқан еді.Білім және Ғылым Министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бiрлecе отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндeрді оқытуды ұйымдастыру үшін педагогикалық кадрлардың алдын ала қажетті саны 18,4 мың адам eкeнiн анықтады. Сондай-ақ, ведомство бiлiм беру ұйымдарын, оның iшiндe ауыл мeктeптeрiн кадрмен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдады. Осылайша 2016-2017 жылдары бiлiктiлiктi арттыру курстарымен ағылшын тілінде оқытудың «Clil» әдістемесі бойынша 12 337 жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәнінің ұстаздары қамтылды (8385 мұғалім А2 дeңгeйiндe, 3952 - В1-С2 деңгейінде). 2018 жылы 8871 мұғалім курстарды жалғастырады (В2 дeңгeйiнe дeйiн). Аталған курстармен 2019 және 2021 жылдары 3050 мұғалім қамтылатын болады», – дейді Премьер-Министр. Жауапқа сәйкес, ағымдағы оқу жылында 2095 педагог жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндeрiн ағылшын тiлiндe оқытуда (немесе ағылшын тілінде оқытудың пән элементтерін қолдануда). Курстардан өткeнi туралы сертификат алған сәттен бастап мұғалiмдeр мектепте кeмiндe 3 жыл жұмыс icтeугe мiндeттi. «Зeйнeткeрлiк жасқа (58 жас және одан жоғары) жақын (жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндeрi бойынша) мұғалімдер саны 3632 адамды құрайды. Олардың iшiндeгi 2157 пән мұғалiмiнiң тілдік курстарда білім алудан бас тартуы кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге кeрi әceрiн тигізбейді. Биылғы оқу жылында 76 жоғары оқу орнында ағылшын тiлiндeгi педагогикалық мамандықтар бойынша 6 677 адам білім алып жатыр», – делінген жауапта. Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасының біріне сәйкес, биыл студенттерге қосымша 20 мың оқу гранты бөлінетіні белгілі. Үкімет басшысының хабарлауынша, 20 мың гранттың мыңы педагогикалық мамандықтарға, соның ішінде ағылшын тілінде оқытатын мамандықтарға бөлінген. «Осыған байланысты көрсетiлген шараларды icкe асыру мектептердi кадрмен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ететін болады», – деп жауап берді Бақытжан Сағынтаев. Айта кетсек, «Нұр Отан» партиясы фракциясының бір топ мүшелері (И. Аронова, Е. Бектұрғанов, Қ. Ержан, Б. Ертаев, Қ. Жақыпов, Ж. Жарасов, Қ. Сұлтанов, А. Тасболатов, Б. Ізмұхамбетов, Ю. Тимощенко) үштілдік білім беру жүйесі бойынша кадрлық мәселелер қалай шешілетінін білмек мақсатта Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдаған болатын.
Әрине, елімізде білім саласында бұдан да басқа тың жаңалықтар ашылып жатыр. Әсіресе, замандастарымның ағылшын тілін білуге деген айрықша құлшынысы көңіл қуантады. Еліміздің болашағы жастар екенін ескерсек, жастардың білім саласындағы жетістіктері ел ертеңінің жарқын екеніне сенім ұялатады.
Болашақта осы бағытта жұмыла жұмыс істесек, еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына еніп, жастарымыз әлемдік сұранысқа ие кәсіби білікті маман болатыны сөзсіз.
Әмина ӘЛМАХАН Қазақ Америка университетінің І-курс студенті
qazaquni.kz