Қоныс тойы көбейді
2018 ж. 21 мамыр
1792
0
Үкімет отырысында 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. Министрдің сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылдың басынан бері тұрғын-үй саласына 274,8 млрд. теңге инвестиция құйылыпты.
«Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 102,1 пайыз болды. Үш аймақтан басқа барлық облыстарда оң динамика бар. Астана қаласы, Павлодар және Атырау облыстарында құрылыс қарқыны төмен. Инфрақұрылым жобаларында – 28, тұрғын үйде – 28, өнеркәсіп құрылысында 6 пайызға құрылыс-монтаж жұмыстарының өсімі байқалды», – деді ол.
Жеңіс тұрғын-үй және басқа да ғимараттарды салу кезінде үлкен көлемде құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалғанын атап өтті. Олардың қатарында тас жолдар, темір жолдар, көпірлер және тунельдер құрылысы, мұнай-газ магистральдық құбырлары, инженерлік коммуникация желілері, сонымен қатар басқа да құрылыс жұмыстары бар. Биылғы жылы «Тұрғын-үй саласына 274,8 млрд. теңге инвестиция құйылды. Бұл көрсеткіш былтырғымен 17,5 пайызға жоғары. Еліміз бойынша, 3,6 млн шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспардың 29,7 пайызын құрап отыр екен. Жалпы республика бойынша 31 442 баспана пайдалануға берілсе, олардың 11 812 жеке үй.
Г.Бақытжанқызы
qazaquni.kz