Астанада өзенде сәбидің денесі табылды
2018 ж. 28 мамыр
2399
0
Астанада жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды tengrinews.kz. Астананың ІІД-нің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Сәбидің денесі 24 мамырда Есіл өзенінде табылды.
«Астананың ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 100 бабы бойынша («Ананың баласын өлтіруі») сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Сараптама жасалады. Сәбидің анасын анықтау үшін жұмыстар істеліп жатыр», - деді Астана қалалық ІІД өкілі.