Айгүл Иманбаева: Еркектердің бәрі тоқалдарын жариялауға қорқады
2018 ж. 26 мамыр
14912
1
Белгілі отандық әнші Айгүл Иманбаева "Время" басылымына берген сұхбатында тоқал алу мәселесіне қатысты өз ойын білдірді.
Әнші ақша үшін ешқашан біреуге тоқал болмайтынын айтып, қазіргі еркектердің қорқақ екендіктерін айтып тастады.
- Еркектер "Үш әйелім бар" деп мақтануы мүмкін. Алайда, олардың екінші және үшінші әйелдері көлеңкеде өмір сүріп, бала тауып жатады. Бірінші әйелдері ол туралы білмеуі де бек мүмкін. Еркектердің бәрі тоқалдарын жариялауға қорқады. Тоқалдар адам құсап ешқайда бара алмайды, үнемі тығылып жүреді. Мен мұны өз таныстарымның арасынан көріп жүрмін. Мұндай некеге қалай ғана келісім беретіндіктерін түсінбеймін, - дейді әнші.