Шынжаңның маңызды лауазымдылары қызметтен кетті
2018 ж. 22 мамыр
4933
2
Екі жылдан бері Қытайдың Шынжаң Ұйғыр Автономиялы Регионындағы саяси-әлеуметтік жағдайы түрлі қайшылықтарға ұласты. Жергілікті биліктің терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресіндегі асыра сілтеу әрекеттері өңірде адам құқығы, діни наным-сенім бостандығына ауыр нұқсан келтіріп, қазақ, ұйғыр қатарлы ұлттардың құқығы шектеулерге ұшырады.
Өңірдің ресми ақпарат құралдары таратқан хабарларға қарағанда, соңғы күндері Шынжаңда аталған үрдісті оң бағытта реттеу қадамдары жасалғаны айтылды. Айталық Шынжаңның Қоғам қауіпсіздік, Білім, Ұлттық саясат, Ұлттардың тіл-жазуы ісі, Экономика және ақпарат департаменттерінің басшылары қызыметінен алынып, орнына жаңа басшылар тағайндалған. Сонымен бірге, көршілес елдермен болған қарым-қатынастарды реттеу бағытында да жұмыстар жасалуда.
«Шынжаң газеті», «Халық газеті» қатарлы Қытайдың ресми басылымдарының сенбі күнгі қабарына қарағанда, ШҰАР-ның XIII кезекті Тұрақты комитет кеңесінің үшінші мәжілісінде Шынжаң үкіметінің лауазымдылар қатары өзгерістерге ұшыраған.
Аталған басылым жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғалар туралы мынадай мәлімдеме жасады:
1, Тұрсынжан Әли ШҰАР Халық үкіметінің бас хатшысы;
2, Шүй Бин (Xui Bin) ШҰАР Дамыту және реформалау комитетінің төрағалығына;
3, Ху Кайжяң (Hu Kaijing) ШҰАР Экономика және ақпарат комитеті төрағалығына;
4, Пархат Әзім ШҰАР Білім департаментінің директорлығына;
5, Жяң Шяулей (Jing Xiaolei) ШҰАР Ғылым және технологиялар департаментінің директоры;
6, Махмұт Осман ШҰАР Этникалық мәселелер жөніндегі департаменттің директор;
7, Ділмұрат Мұса ШҰАР Ұлттардың тіл-жаузы ісі жөніндегі департаментің директоры;
8, Уаң Миңшан (Wang Mingshan) ШҰАР Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің директоры;
9, Тоқты Яхуп ШҰАР Ұлттар саясаты департаментінің директоры;
10, Әнуар Сейт ШҰАР Әділет департаменті директоры;
11, Уән Хайчуан Шынжаңның қаржы департамент директоры;
12, Рақыманжан Дауыт Кадр және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің директоры;
13, Қадырбек Қамза Жер және ресурстар департаментінің директоры;
14, Оразбек Расұлхан Қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры;
15, Ли Шуедұң Тұрғын үй және қала құрылысы департаментінің директоры;
16, Жия Шинуын Су ресурстары департаментінің директоры;
17, Қарқын Қабдыкәрім Мал шаруашылығы департаментінің директоры;
18, Руң Жүн Сауда департаментінің директоры;
19, Юсуфжан Мәмет Мәдениет департаментінің директоры;
20, Әсенжан Ахмет Көлік-коммуникация департаментінің директоры;
21, Зулфия Абдіқадр Орман шаруашылығы департаментінің директоры;
22, Мүтәліп Розы Денсаулық сақтау және жоспарлы туу жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.
Бұл жаңа тағайындаулар мен өзгерістер, жалпы Шынжаң саясатының, үкімет билігінің өзгерістерге ұшырағанынан дерек береді. Бей ресми деректерге қарағанда, Шынжаңның бірінші хатшысы Чын Чуанго да лауазымынан кетуі мүмкін.