Оғыз Доған. ҚАЗАҚ ең әуелі ҚАЗАҚША амандасуы керек. ҰЛТЫН СЫЙЛАУ ДЕГЕН ОСЫ!
2018 ж. 22 мамыр
7100
11
Қазақ халқы өзін сыйламайды, өздерін "сорлы, надан қазақ" деп жазады...
Расул Жұмалы 365info.kz сайтының «Неге солай» студиясына Қазақстандағы қазақ тілінің жанашыры Оғыз Доғанды алып келді.
«Қаным қазақ, қазаққа ғашықпын» деген түрік азаматы шешіліп сөйледі: "Казком" оқиғасынан кейін ол ғана емес, басқа да қазақстандық банктерде игі өзгерістер болды. Бұл екі оқиғаны да мен алдын ала жоспарламадым. Барайын, камераға түсірейін деген ой болған да жоқ... Қазақ халқы өзін сыйламайды. Кейде мен ол үшін достарыма да қатты ренжимін. Өздерін өздері "сорлы қазақ", "надан қазақ" деп жазады. Мен достарыма осындай сөздерді жазғызбаймын. Қазақ бірінші өзін сыйлауға тиіс. Мысалы мен дүкенге барғанда дүкенші қазақ қызы маған орысша амандасады. Бірақ ол ұлтын сыйласа, ең алдымен қазақшалап "сәлеметсіз бе" деп амандасқаны жөн. Өйткені бұл сөзді барлық ұлт өкілдері түсінеді. Ал егер түсінбесе, содан кейін барып сол адамның тілінде қызмет көрсете берсін. Бірақ ең әуелі қазақша амандасуы керек. Ұлтын сыйлау деген осы" дейді Оғыз Доған. matritca.kz