
Түркістанда терроризмді нәсихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
2018 ж. 21 мамыр
2104
0

«ОҚО ІІД және Түркістан қаласы мен Сайрам ауданының ҰҚК департаменттерімен бірлесіп, шұғыл-іздеу жұмыстарын жүргізді. Шара барысында 1990 жылы және 1995 жылы дүниеге келген 2 азамат діни радикализм идеясын аудио және видеожазба арқылы нәсихаттады деген күдікпен ұсталды», - деп хабарлады ведомстводан.ОҚО ІІД терроризмді нәсихаттау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Департаменттің тергеу басқармасы қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.