Тарбағатайдың Есім ауылына Қарғыба өзені арқылы ғана қатынайды. Жерлеу рәсіміне асыққан тұрғындар тасып жатқан өзеннен тіркемелі трактор арқылы өтпек болған. Бірақ, трактор су ортасында өшіп қалып, жолаушылар арғы жағаға жаяу шыққан. Ені 35 метр болатын өзеннің тереңдігі бір метрден астам болған.
Өрт сөндірушілер жол талғамайтын арнайы техникамен 25 адамды Есім ауылынан 30 шақырымда жатқан елді мекенге жеткізген. Төтенше жағдай қызметкерлері бұл кезеңде тау өзендері ашуынан мінетінін, сондықтан, мейлінше сақ болу керектігін ескертеді.