"Ұлым екеуміз дәретханаға жасырынып, аман қалдық" - Енесін өлтірген азаматқа қатысты жаңа деректер шықты
2018 ж. 12 мамыр
4848
0
Оралда енесін өлтіріп, қайынатасын жарақаттаған күйеубалаға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды КТК арнасы.
Күдікті ата-енесінің үйіне кіре сала аңшылық мылтықпен оқ жаудырған. Енесі сол жерде көз жұмып, атасы жарақаттанған. Осы кезде әйелі мен ұлы да үйде болған.
“Әкем бізге «тығылыңдар» деп айқайлап үлгерді. Оның ішектері үрленіп, қарны қампайып кеткен. Мен не істерімді білмей, абдырап қалдым. Ұлым екеуміз дәретханаға жасырындық. Кейін есікті ашып қарағанда, әкемнің жерде жатқанын көрдім”, – дейді Нәдия Дәулетшина.
Әйелі заңды түрде ажыраспағанымен біраз уақыттан бері бөлек тұратындарын айтты. Күйеуі ұлын алып кетіп, 3 ай бойы бермей әуреге салған. Баласы үшін ара-тұра сөйлесіп жүрген. Одан бөлек үлкен жанжалға барған емес.
Қазір қылмыскердің қайын атасы ауыр халде жатыр.
“Оған оқ атылып, ішінен жарақат алған. Және ішегінен көптеген жарақаттары бар. Түнде 6 сағат бойы ота жасалды. Қазір өздігінен демалады. Бірақ, жағдайы әлі де ауыр”, – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақбосынова.
Полицейлер жасы 40-қа жақындаған күдікті Рустам Әбдірахмановтың не себепті мұндай әрекетке барғанын айтқан жоқ. Күдікті 20 минут өткен соң ұсталған.