СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
2018 ж. 05 мамыр
2641
0
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің есеп беру барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң динамикасы байқалағаны айтылды. Ағымдағы жылдың 3 айында 46 қылмыстық іс тіркеліпті. 2018 жылдың алғашқы тоқсанында аяқталған қылмыстық істер бойынша 168 млн. теңге мемлекетке қайтарылып, 660 млн. теңге сомасындағы заңсыз алынған мүлік тәркіленген. Ағымдағы жылы Мемлекеттік қызмет істер Департаментінің «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлескен мемлекеттік органдарда жемқорлықты алдын-алуға бағытталған ондаған семинар-отырыстары өткізіліпті. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алдында екі негізгі міндет тұр. Біріншісі – құқық бұзушылыққа берілетін жаза қағидасының толықталуы мен міндеттелуі. Екіншісі – сыбайлас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу. Біз бұл мәселелерді басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта шешуге ниеттіміз дейді құқық қорғаушылар.
Ұлмекен ЛЕСБЕКОВА
qazaquni.kz