Батыс Қазақстан елорда мерейтойына 500 млн теңгенің сыйлығын тарту етпекші
2018 ж. 03 мамыр
3012
1
Батыс Қазақстан облысының Астанаға арнаған мерейтойлық сыйлығының бағасы 500 млн теңгеге жетті.
Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Аймақтардың Астанаға тартуы» жобасы аясында жергілікті бюджеттен 500 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында аймақта БҚО-ның Астанаға сыйлайтын ескерткішінің үздік экскизіне байқау жарияланды. Байқауды елордалық мүсінші Мұрат Мансұров жеңіп алды.
Бүгінде ескерткіш дайындалу барысында, балшықтан жасалған ескерткіштің мүсінін мәдениет министрлігінің өкілдері мақұлдауы керек. Сонан соң ескерткіш қоладан құйылатын болады.
Ескерткіштің биіктігі іргетасымен есептегенде 6 м құрайды. Ескерткіштің құны 100 млн теңге болмақ.
Бұдан басқа, аймақ елордаға мерейтойының құрметіне сквер тарту етеді. Ол Жеңіс даңғылы бойында орналасады, жалпы ауданы 1,5 га болады деп күтілуде.