Тоқтар ағамыз қазіргі жастардан үлгі тұтарлық ер азамат қалмағанын да айтады. Оның сөзінше, қазіргі жігіттерге қарағанда қыз балалары намысты, әрі батылдау болып келеді екен.
«Мен көп жастармен кездесемін. Мені мектептегі тазалық қуантады. Он жыл бұрын ондай емес еді. Елдің мінезі де басқаша болған. Қазіргі уақытта балаларға ақыл кірген. Мені мәдениет Отан дегенді білмейтін, болашақты дұрыс түсінбейтін бір кісілер өкіндіреді. Меніңше, Қазақстанда тұратын азаматтар, әсіресе қазақтар өз Отанын жерін, елін сүюі керек. Бірақ көп жігіттерде ондай сезім жоқ екенін көремін. Оларды тек ақша қызықтырады. Одан артық ештеңе жоқ. Қазір қыздар еркектерден артық. Қыздарға қайран қаламын. Біздің қыздардың намысы бар. Қазақ үшін өлуге дайын көп қыздар бар. Соған қатты қуанамын. Жігіттер бұған ренжи берсін, олар шалбар киюі керек. Жақсы костюм киіп алғанды еркек дей ме, еркек емес олар», - дейді ғарышкер.
Дереккөз: sn.kz