ЖАСТАР МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙТІН ЖОЛ КАРТАСЫ
2018 ж. 13 сәуір
3005
0
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Шыңғыс Бескемпіровтің қатысуымен «Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының 2017 жылы атқарған жұмыс нәтижелері және 2018 жылға арналған жоспарлары» атты брифинг өтті.
Алқалы топта жиылған жастар мен БАҚ өкілдері басқарма басшысына түрлі сұрақтарын қойды.
Жүргізілген мақсатты индикаторлар сараптамасы бойынша, «Алматы қаласының 2017-2020 жылдар аралығында жастарды қолдау және дамыту жол картасы» жобасы аясында, жастар практикасының құрамын 500 ден 1200 адамға дейін ұлғайту мақсатында 500 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, нәтижесінде 2017 жылы жалпы саны 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғаны мәлім болды.
Сондай-ақ, жас кәсікерлерді қолдау және стартап-жобаларға көмек көрсету мақсатында «Жас кәсіпкер», «Zhastar Innovation» сынды жобалар мен бағдарламалар іске қосылып, өткен бір жыл ішінде «Zhastar Innovation» жобасы аясында 3 стартап көрме, 8 семинар-тренингтер, модульдік оқыту мен кездесулер өткен екен.
2017 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы асында, бұрынғы трамвай паркі аумағында жастармен жұмыс істейтін бірінші Лофт-орталық ашылғандығы да ерекше аталды.
– 2018 жылға белгілеген меже бойынша Жол картасының 96 мақсатты бағыты он екі: білім беру, жол-көлік қатынасы, денсаулық жен тұрғын-үй, жұмыспен қамту, т.б. салалар бойынша 2020 жылға дейін жастардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуды көздейді. Жастар жылы аясында «2020 жылға дейін жастарды қолдау жол картасы» бекітілген еді. Бұл құжат қала үшін бұрын-соңды болмаған теңдессіз шаралар кешенін қамтиды» – деді Шыңғыс Жұмағалиұлы.
Сонымен қатар, қазір студенттік жатақхана мен жас отбасыларға қолжетімді баспана ұсыну мәселесін шешу жолында, Жол картасы құжаты аясында, Алматы қаласының студенттеріне 2020 жылға дейін 20 жаңа жатақхана салу жоспар бойынша қолға алынғандығын, ЖОО-дарына арналған 20 жаңа жатақхананың 5-еуі (2000 орын) ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтайтынын мәлімдеді.
Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың 2018 жылғы жұмыс жоспары төмендегіше:
1.«Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2018 жылға жүзеге асыру және жалпы қаржыландыру көлімін ұлғайту;
2. Бұрынғы трамвай паркінің территориясында жастармен жұмыс істейтін екінші Лофт-орталық құрылысы;
3. «Алматы қаласының 2017-2020 жылдар аралығында жастарды қолдау және дамыту жол картасы» аясында 5 жатақхананың ашылуы;
4. 2018 жылы «Алматы қаласының 2017-2020 жылдар аралығында жастарды қолдау және дамыту жол картасын» жалғастыру жүзеге асырылады.
Ұлмекен Лесбекова
qazaquni.kz