ІІД Жергілікті полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гете көшесінің бойында орналасқан дүкендердің бірінде сатушы этил спиртімен тең, төрт пайыздан асатын алкогольді «Кружка свежего» сырасын, 1997 ж.т. П. есімді азаматқа сатқан.
«Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Р. есімді азаматшаға 40 АЕК (96200) көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды», - делінген баспасөз баянында.