Камила оқудан үйіне қайтып келе жатқан кезде иттер оған шабуыл жасаған екен. Ол осы оқиғаға дейін мектепке жалғыз өзі барып келіпті.
"Қызым қосымша сабақтардан шығып, үйге қайтып келе жатқан. Иттер аш болса керек, тап беріпті. Қайта жанында ересек ер азамат өтіп бара жатып, қаңғыбас иттерді қуып жіберген екен. Соның арқасында қызым аман қалды. Қазір ол қорқып қалған және денесінде тістің іздері бар. Егер жанында адам болмағанда оны талап жеп қояр еді. Өкініштісі, бұл жайт Ақтау үшін қалыпты жайтқа айналды, қалай күресу керектігін білмейміз. Біздің 17-шағынаудан қаланың орталығында орналасқан. Бірақ, әрбір үйдің алдында қаңғыбас иттер жүреді. Мен балаларым үшін қорқамын, қызымды қазір күніге мектепке өзім апарып, өзім алып қайтамын. Қазір біздің үйдің маңында 4 ит жүр. Балаларымыз өте қатты қорқып қалған. Бұл тек менің ғана емес, бүкіл қаланың проблемасы", - дейді Ақмарал Кәрім.
Әкімдіктегілер болса ит аулаумен қалалық ветеринарлық станция айналысатынын айтып отыр. Мамандар жыл басынан бері 501 ит пен 307 мысықтың көзін жойыпты.
Дереккөз: sn.kz