Forbes және Ratel.kz журналистеріне қандай шара қолданылуы мүмкін

[caption id="attachment_83148" align="aligncenter" width="640"] Фото: Informburo.kz[/caption]

Бұған дейін кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтың арызынан кейін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының санкциясымен тінту басталып, журналистер ұсталғаны белгілі болды. Ratel.kz порталы аталған журналистерге қатысты қандай шара қолданылуы мүмкін екенін анықтадыдеп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер Ratel.kz офисінен барлық компьютер мен құжатты алып кетті. Тіпті журналистердің ұялы телефонын да алып қойған.

Журналистерді Алматы Ішкі істер департаментінде тергеуде үш сағаттан астам уақыт отырғаны белгілі болды.

«Аталған факті ҚР ҚК 274-бабының 3 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр», - деп хабарлады ІІД өкілдері.

ҚР ҚК 274-бабы. Көрінеу жалған ақпарат тарату

1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.