Семейде тұрғындар эвакуацияланып жатыр (ФОТО)
2018 ж. 28 наурыз
4687
29
Семейде Ертіс аумағындағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Эвакуациялау бүгін, 28 наурызда таңғы уақытта басталды.
Жедел штабтың мәліметінше, Ертісте су деңгейінің көтерілуіне байланысты Полковничий, Мирный ауылы және Восточный ауылдарындағы көшелердің су астында қалу қаупі бар.
"Қазіргі уақытта Полковничийде тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Оқиға орнында қала әкімінің басшылығымен Төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады БАҚ өкілдерімен байланыс тобының өкілі Мейіржан Амангелдиев.
Төтенше жағдайлар департаментінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта 6 адам эвакуацияланды, олардың біреуі - бала. Барлығы қонақүйге орналастырылды. Қалған адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр.