Қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы: Баян Мақсатқызы қазақ қыздарына үлгі емес
2018 ж. 28 наурыз
4735
13
Жан Ахмадиевің бағдарламасының қонағы, орыс қызы Анна Ульченко Баян Мақсатқызы қазақ қыздарына үлгі емес деген пікір айтты.
Рэпер Жан Ахмадиев “Неге солай” бағдарламасында қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы Анна Ульченкомен сұхбаттасты, - деп хабарлайды stan.kz.
Анна Ульченкомен қазақтың тілін, мәдениетін бағалайтынын айтты.
“Қазақстанда тұрып жатқандықтан қазақ тілін, мемлекеттік тілді білу керек. Өзгелер менің қазақша сөйлегеніме емес, көп қазақтың өз ана тілін білмегеніне ұялу керек”, – дейді ол.
Орыс қызы қазіргі Ninety One тобын мүлде тыңдамайтынын, олардың стилін құптамайтынын жеткізді. Сонымен қатар Баян Мақсатқызын қазақ қыздарына үлгі деп санамайтынын айтты.
“Өзім Баян Мақсатқызының жанкүйері емеспін. Анда-санда жазғанарын оқимын. Меніңше, жастарға Баян Мақсатқызы секілді қазіргі актерлер немесе әншілер үлгі емес. Олар өздері жас, сөздері де басқа. Сондықтан лайық деп санамаймын. Ал, Мақпал Жүнісованы үлгі тұтуға болады”, – дейді Анна.