МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫН ЖІТІ ТЕКСЕРУ КЕРЕК
2018 ж. 23 ақпан
3042
1
«Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы 9 млрд. теңге көлемінде залал келтірген лауазымды тұлғаға бар-жоғы сөгіс қана берген шешімге қатысты өз наразылығын білдірді және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі заң бұзушылықтарды толыққанды және қатаң тексеруді талап етті.
Елімізде сатып алу жүйесін жаппай заң бұзушылық жайлап алғанын, онымен күрестің нәтижесіз жүргізіліп жатқанын алға тартқан «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың және Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына кезекті депутаттық сауал жолдады.
«Ақ жол» фракциясы 2017 жылдың 27-ші желтоқсанында мемлекеттік сатып алу жүйесінде отандық өндірушілердің мүдделерін қорғап сауал жолдағанын еске сала кетейік. Сауалда Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма бастығының міндетін атқарушы Ж.Саматовтың хатынан мысал келтірген болатын. Онда отандық өндірушілерді ығыстырып және қажетті тасымалдаушыны «итермелеу» мақсатында бөтен өнімдерді қайта экспорттайды деп қазақстандық зауыттың біреуін шімірікпестен және негізсіз айыптап, шетелдік фирманы «ең белгілі», «ең сенімді» тасымалдаушы ретінде жарнамалады. Және оған 9 миллиард 335 миллион теңгенің тендерін берді. Оның айтуынша, біздің елімізде осындай өнімдерді өндіретін тәжірибелі және сенімді өндірушілер жоқ екен. Алайда, «NADLOG», агенттігінің түсініктемесінде, «Хабар» және «Атамекен» телеарналарының репортаждарында шенеуніктердің мәлімдемесіне қарамастан біздің бірқатар кәсіпорындарымызда ондай өнімдер өндірілетіні туралы көрсетілді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Азат Перуашев «Хабар» және «Атамекен» тілшілеріне, ҰКП және «NADLOG» агенттігіне азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.
«Бізге хабарласқан зауыт, жақында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінен жауап алды. Онда – дәйексөз келтіремін – «Басқарманың жауапты тұлғалары хатқа жауап дайындау барысында «кері экспорттау» термині дұрыс қолданылмағаны анықталды». Осыған байланысты, Департамент Басқарманың атына бұзушылықтарды жою және кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды (қайталап айтамын – тәртіптік, яғни сөгіс)», – деп атап өтті Перуашев.
Депутат шенеунік сылтау тауып, қазақстандық кәсіпорынды келісім-шарттан айырып, тапсырысты шетел компаниясына беріп, отандастарымызды ашықтан-ашық жұмыссыз қалдырғанын атап өтті. Ал тексеруші органдар бұл жай ғана ескертпе, «дұрыс емес мәлімдеме» деп жаба салған. «Міне керек болса, құны 9 миллиард тұратын ескертпе. Сонымен бірге, агенттік басқа артық арам пиғылды көрмепті. Шенеунікті қолынан ұстап, оның ресми құжаты – тек қана алдау деп мәлімдейді. Мемлекеттік қызмет департаменті 9 миллиард теңге көлеміндегі келтірген залалы үшін не ұсынды? Осы алдауды бастаған бастықтың міндетін атқарушының атына, бар болғаны сөгіс жариялау», - деп атап өтті «Ақ жол» фракциясы. «Мынандай «үрдіспен» мемлекеттік миллиардтарды елден шығаруға ниеттілер саны көбейеді, содан кейін мемлекеттік қызметтен кетіп, жылы аралдарға кетіп қалуына ешкім кедергі келтірмейді», – деп есептейді Перуашев.
Сонымен бірге, департаменттің пікірініше, бұл алдау отандық өндірушінің беделіне қатысты деп есептейді және құқығын қорғау үшін ол сотқа жүгіне алады деп хабарлады. Ал ұлттық экономикаға құйылудың орнына шетелдік есеп шоттарға кеткен бюджеттің қыруар қаражаты туралы ешқандай сөз қозғалмаған, тіпті, ол қаржы мүлдем болмаған сияқты. Және де жоғарыда аталған сауалды Үкімет пен Бас прокуратура сол Мемлекеттік істері жөніндегі агенттік қарауына жолдағандықтан, олар да біздің мемлекеттік қызметкерлер шет елге жіберген миллиардтар үшін тек қана тәртіптік жауапкершілік қолданылатыны туралы жауап келеді деп ойлауға толық негіз бар. Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП фракциясы бұған ұқсас жауапқа келіспейтінін алдын-ала хабарлады, толыққанды тексеруді және осындай алдау жолымен елден шығарылған ақшаны қайтаруды талап ететінін анық және ашық білдірді.
«Ақыр аяғында, бұл іс тек Ж.Саматов мырзаға қатысты емес. Мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаражаттары шетел ел мүдделеріне емес, өз еліне жұмыс жасауы тиіс», – деп мәлімдеді «Ақ жол» жетекшісі.
qazaquni.kz