Орал қаласындағы ономастикалық комиссия жаңа алаңға ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой Город» сайтына сілтеме жасап.
Орал қаласындағы алаңға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілуі мүмкін
2018 ж. 15 ақпан
3982
10
[caption id="attachment_81468" align="aligncenter" width="640"] Көрнекі сурет[/caption]
Жұлдыз ықшам ауданына, ПДП-1 және жаңа алаңға атау беру туралы комиссия отырысы 12 қаңтар күні №2 мектепте өткен.
Дереккөзінің хабарлауынша, ономастикалық комиссия 6-шы және 7-ші ықшам аудандарының арасындағы алаңға Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешім шығарған.
Алайда, Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі шешімнің заңды күшіне енбегенін айтқан.
Еске сала кетсек, 2017 жылдың соңында Алматыда Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып өзгертілген болатын.