Ақтөбе полицейлері және Алдаберген батыр
2018 ж. 12 ақпан
2085
1
Ақтөбе полициясы Бас прокуратураға пысқырып та қарамайды...
2011 жылы Ақтөбе темір жолы бөлімшесі АСУ бөлімінің бастығы Алдаберген Аймағанбетовті Ақтөбе темір жолының басшыларының әділетсіз түрде қалай жұмыстан шығарғанын түсінуіміз үшін 2009 жылға қайта оралуымыз қажет, өйткені, бұл өзі бір өте құйтырқы жасалған тірлік. Кейіпкеріміздің өзіне сөз берейік.
– 2009 жылы сәуір айында мені жұмыстан шығарғанда маған тағылған айып мынау болды – мен 2008 жылы 938 мың теңге жұмыстың тапсыру-қабылдау актісіне қол қойғансыз деді. Заңсыз актіге. Сол үшін мен 2008 жылы желтоқсан айында сөгіс алдым.
– Заң бұзушылық қай жерде екен?
– Оны тапқан көп комиссияның біреуі болды. Жұмыстағы компьютер, принтер, ксерокс, сканер секілді көптеген еңбек құралдарын жөндетіп тұрамыз ғой. Жөндейтін тағы да жекеменшік компаниялар. Оларды да өзіміз іздеп таппаймыз, Астанадан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы белгілеген компанияларға апарып жөндеткіземіз. «Істелген жұмыс актілері» деген бар. Біз олардың атқарған жұмысына қарай қол қойып береміз. Осы істің еңбек ақысын төлеу үшін «Тапсырылған-қабылданған жұмыстар актісі» («Акт приемосдаточных работ») деген бар, соған қол қоямыз. Маған сол актіге қол қойғансыз деп, жазықты етті, қатаң сөгіс жариялады. «Актіні маған беріңдер, көрейін» десем қолыма бермейді. Амал жоқ, істің мән-жайын айтып, Ақтөбе көлік прокурорына арыз жаздым. Оны тексерген прокурор маған жариялаған қатаң сөгісті заңсыз деп, алып тастады. Бірақ, Батыс Қазақстан көлік прокуратурасы мен көтерген мәселелер бойынша, неге екенін қайдам, маған қарсы тарапқа көбіне қолдау көрсетіп отырды. Өз қызметкерінің, Ақтөбе қалалық прокурорының қаулысын теріске шығарып, маған берілген жазаны қайтадан сол күйінше күшінде қалдырды. Мен енді амалсыз сотқа жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл екі ортада, 2009 жылы 22-сәуірде мені жұмыстан шығарып жіберді. Негіздеме – сөгіс пен қатаң сөгіс.
– Сөгіс не туралы еді?
– Ол да мені «клиенттермен жөндеп сөйлеспеген» деді ме, сондай бір болмашы нәрсе.
– Жақсы, ол жағы онша маңызды емес, сөгіс берем десе сылтау көп қой...
– Жұмыссыз қалған мен сотты жағаладым. Бір дұрыс жасаған жерім – әуелі сөгіс пен қатаң сөгістен құтылып алғым келді. Бірінші сатыдағы сот қатаң сөгіс дұрыс берілген, заңды деді. Апелляциялық сот алқасы ол шешіммен келіспеді, бұл істі қайта қарау керек деді. Кассация да апелляцияның шешімін қолдады. Содан 2009 жылы 3-тамызда істі апелляциялық соттың басқа құрамы қайта қарады-дағы, тағы да қатаң сөгістің берілуін заңды деп шешім шығарды. Бірақ, сол кезде сотқа «Істелген жұмыс актілерінің», «Тапсырылған-қабылданған жұмыстар актісінің» көшірмесі мен шешімнің толық мәтінін беріңіздер» деп хат жаздым. 2009 жылдың 6-тамызы күні ол құжаттар қолыма тиді. Сол күні түнімен отырып, сотта жеңіске жететініме көзім жетті. Қалай дейсіз ғой? Жаңағы маған бәле болып жабысқан актілерде менің қолым... жоқ! Болуға да тиіс емес еді! Себебі, оларда «приписка» болды да, мен соны көрсетіп кезінде Астанаға, ҚТЖ басшылығына хат жазған болатынмын. Сол себепті олар актіні маған бергісі келмейтін. Менің орныма ...Петровтың өзі, Ж.Ізғұловтың орынбасары қол қойған екен. Тіпті, менің бөлімімнің қызметкерлерінің бір де біреуінің қолы жоқ. Сірә, олар да заңсыз істен басын алып қашқан болса керек. Ал, 2 миллион теңгеден астам ақша сол бойы жеке адамдардың қалтасына құйылып кетті...
– Ерте ме, кеш пе, оларға да кезек келер... Айта беріңіз.
– Содан құжаттардың көшірмесін тігіп, «Диапазон» деген газетке «История одного выговора» деп ат қойып, сонымен қатар сол кездегі Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, кейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы болған, кәзіргі сенатор Б.Бекназаровқа «Ақтөбеге жаңадан келіп жатқан адамсыз» деп, мұндағы темір жолдағы жағдайды баяндай келіп, соңынан әлгі нақты іс жайлы жаздым. Айтпақшы, апелляциялық соттың істі қайта қараған құрамы «Істелген жұмыс актілерін» «Тапсырылған-қабылданған жұмыстар актісін» деп көрсетіп жібергенін(бұл қылмыс та өзіңіз айтпақшы күндердің күнінде кезегі келіп, ашылатын шығар), үш судьяның аты-жөнін атап отырып, еш жерде менің қолымның жоқ екенін айттым, «бәріне кінәлі – темір жол басшылары» дедім, «қабылдауыңызды өтінем» дедім. 2009 жылы 9-қыркүйекте сотқа апарып өткіздім. (Сол күні облысқа Н.Назарбаев келген болатын). 10-қыркүйек күні сағат 14-тен 1 минут өткенде Бекназаровтың қабылдау бөлмесінен қоңырау шалынды. Мағанн төрағаның өзімен қосты. «Алдеке, саламатсыз ба? Хатыңызды қайта-қайта оқыдым. Өзіңізбен кездесу керек болып тұр. Сіз 15-і күні таңертең сағат 9-30-да келе аласыз ба?» дейді. Не деген әдемі сөз, ә, айтыңызшы? Менің іздегенім сол емес пе?!.. Бардым. Өзінің кабинетінде, орнынан тұрып, үстелден бері шығып қарсы алды. Өзінің орнына барып емес, маған қарама-қарсы орынға жайғасты. Мен сол кезде барып бұрышта тағы екі адам отырғанын байқадым. Сөйтсем, олар комиссия мүшелері екен. Мен соттардың үстінен арыз жазып отырғаннан кейін сот төрағасы бір өзі емес, осылай көп болып қабылдайтын тәртіп, ереже бар екен. Бекең өзімнің кім екенімді, отбасым мүшелері жайлы сұрады. Сосын: «Сіз судьялардың үстінен шағымданып отырсыз, дұрыс па?» «Дұрыс.» «Егер жазғандарыңыз расталмаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды түсінесіз бе?» «Түсінемін». «Жақсы». Сөйтті де менің арызымды алдыма қойды. «Өзіңіз түсіндіріп бермесеңіз мен түсіне алатын емеспін» деді. «Беке, мына жерде істелген жұмыстар жайлы айтылған, бірақ, оны қабылданған іс жайлы акт түрінде беріп отыр». «Ал, ол екеуінің айырмашылығы неде?» «Айырмашылығы – қабылдап алынған жұмыс жайлы акт негізінде ақша төленеді, ал, онда менің қойылған қолым жоқ. Менің қолым істелген жұмыс жайлы актіде ғана бар». «Ым-м. Енді түсінікті болды. Ертең сотта осы сұрақ бойынша жауап бересіз». Сөйтті де қағаздарды екі судьяға берді. Ертесіне сот қатаң сөгістің күшін жойды...
Мен жазадан тазарғаннан кейін сот өзінің сырттай шешімімен мені қызметке қайта қойды. Жұмысқа емес, қызметке. 2009 жылы 29-қарашада соттың әлгі шешімі шықты, ал, 9-желтоқсанда соттың ұйғарымы шықты. Маған бұлар соттың шешімі шықса да жұмыс бермей қойды ғой. Ақтөбе облыстық сот әкімшісіне 2010 жылдың 20-қаңтарында арыз жазып шағымданып жүріп, екі айдан кейін ғана барып, 2010 жылы ақпанда жұмысқа шықтым. 2010 жылдың 18-ақпаны акүні Ақтөбе темір жолының директоры Ж.Ізғұловтың №НОД-75 нөмірлі бұйрығы шықты, онда ол мені «бұрынғы қызметіме 2009 жылдың 29-қарашасынан бастап қайта отырсын, А.Аймағанбетовке 24.11.2009 бен 24.01.2010 арасындағы еңбек жалақысы төленсін» деп көрсетті.
Сонда да олар мені өз орныма, өз жұмысыма емес, басқа бір кабинетке апарып отырғызып қойды. Ешқандай жұмыс бермейді. Барып, отырып-отырып қайтамын. Сөйте жүріп мен жұмыста бармын ба, жоқпын ба, күніне екі-үш рет тексеріп кететінін қайтерсің...
2010 жылы 16-маусымнан бастап Ақтөбе темір жолы менімен екі арадағы еңбек келісім-шарты бұзып, мені жұмыстан шығарды. Өйткені, олар 2010 жылдың 1-мамырынан бастап менің қызметімді қысқартып жіберіпті және ол «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның тарапынан жасалған іс, біздің қатысымыз жоқ, біз тек жоғарылан келген бұйрықты орындадық деп түсіндірді. Ал, мен Елбасымыз Н.Назарбаевқа хат жазып жүріп, сол хатым арқылы Астанаға, «Нұр Отан» партиясының жетекшілеріне шығып жүріп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Ақтөбеге жіберген телеграммасының көшірмесін қолыма түсірдім. Ол жерде АСУ бөлімінің бастығы, яғни, А,Аймағанбетов қысқартылсын демеген. Ол жерде құрамның 5 пайызы, яғни, 31 қызметкер, оның ішінде 1 ғана адам басқарма аппаратынан қысқартылсын деген жалпылама нұсқау ғана бар. Бір сөзбен айтқанда, менің штатымды қысқартып жүрген Ж.Ізғұловтың өзі. 2011 жылы 2-наурыздағы №2к-67/2011 қаулысында Ақтөбе облыстық кассациялық соты осы қулықтың бетін ашып көрсетті: «При низложенных обстоятельсвах доводы жалобы истца том, что сокращение должности начальника отдела АСУ не является указанием руководства АО «НК «КТЖ», а является предложением, внесенным директором Актюбинского отделения железной дороги следует считать обоснованными».
Бұл – Ж.Ізғұловтың сотты бірінші рет алдауы болса, бұдан кейін ол тағы бір рет алдаған. Өйткені, 2011 жылдың 9-наурызы күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның вице-президенті Е.Қизатов Ақтөбе темір жолы бөлімшесінде 2010 жылдың 29-сәуіріндегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының шешіміне сәйкес АСУ бөлімі бастығының штатын қысқартылғаны жайлы менің өкілім Н.Әжіғалиеваға хат жолдайды. Бірақ, соттың А.Аймағанбетовті өзінің бөлім бастығы қызметіне жұмысқашұғыл (немедленно) қайта қабылданатын болсын деген қаулысын амалсыздықтан дереу іске асыруға мәжбүр болған Ж.Ізғұлов 2011 жылдың 11-наурызында мені 2011 жылдың 3-наурызынан АСУ бөлімінің бастығы етіп қайта орналастыру, менің мәжбүрлікпен алты ай жұмыссыз жүрген кезіме 844770 теңге төлеу туралы №НОД-106 және №НОД-214 деген бірдей екі бұйрық шығарады. 2011 жылдың 20-сәуірі күні мені 11.03.2011 жылғы №НОД-214 бұйрықпен таныстырып, жұмыс орныма отырғызып кеткен сот орындаушы А.Асқар менің «жұмысыма қайта орналасуыма байланысты атқарушылық өндірісті тоқтату туралы Қаулы» шығарады. Оған Аға сот атқарушы Т.Эбуов қол қойып, бекітеді. Ал, 2011 жылдың 29-шілдесі күні мені үшінші рет қатарынан жұмыстан шығарады – бұл жолы «прогул» үшін. «Прогул?! Қайдан?! Қалай?!» Түкке түсінсем бұйырмасын...
Сотқа шағым түсірдім, бірақ, ол мені қорғай алмады, өйткені, ол да мен секілді «прогулдың» қалай, қайдан шыққанын түсіне алмады ғой деймін. Түсінбеген сұрағыма жатпай-тұрмай жауап іздей бастадым. 2013 жылы наурыз айында Ақтөбе қаласының прокуроры Г.Әмиров сот қаулысы шыққаннан кейін мені менен Ақтөбе темір жолы бөлімшесі арасында Еңбек келісім-шарты жасалмағанын анықтады. Тек 2016 жылдың сәуірінде ғана Ақтөбе облыстық Әділет басқармасының жетекшісі Г.Тұрлыханова сот орындаушының 11.03.2011 жылғы №106 бұйрықты «жұмысқа қайта орналастырылды» деп қате көрсеткенін анықтады. Мен болсам, жалғыз мен ғана емес соттар мен прокурорлар да, 2011 жылдың 11-наурызындағы №2014 бұйрықтың №106 деген «егізінің сыңары» бар екен сонда білдік. Жарас Ізғұлов осылайша мені штатта жоқ қызметке жұмысқа тағайындаған, ал, сотта Аймағанбетовті бұрынғы қызметіне жұмысқақайта орналастырдым деп алдап келген. Екі жылдан астам уақыт сот орындаушы мен Ізғұловтың бұл бұйрықты маған көрсетпей тығып жүргенінің де себебі сол кезде белгілі болды.
Мен бұны – Соттың қаулысын жалған, қосарланған бұйрықтар шығару арқылы орныдамауды – Ақтөбе темір жолы бөлімшесінің директоры Ж.Ізғұловтың, Ақтөбе облыстық Сот актілерін орындау департаментінің сол кездегі бастығы, кәзіргі күнде бастықтың орынбасары Р.Балғазиннің, А.Асқар мен Т.Эбуов секілді сот орындаушылар тарапынан алдын-ала келісілген, жоспарлы түрде жүзеге асырылған сыбайлас жемқорлықтың көрінісі деп санаймын. Осынау аса құйтырқы бұрмалушылықтың (фальсификация), жалған құжат жасаушылықтың (подлог документов) салдарынан мен 18.03.2011 мен 20.04.2011 жыл арасында жұмысқа себепсіз бармай жүрген «прогульщик» болып шыға келдім. Мен бұлар тек қана менің тағдырыммен ойнаған жоқ, олар еліміздегі ең қадырлы орган – Соттың өзін мазаққа айналдырды деп білемін.
Табаны күректей 5 жыл бойы менің өзімнің бұрынғы жұмысыма қайта отыруым туралы сот шешімінің орындалмай келуінің себебін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мені 2016 жылы 21-шілдеде қабылдауында болғанымда қағазға бір қарағаннан-ақ байқады. Азамат, бекерден бекер бұрын ҚР Еңбек министрі болған жоқ екен!
Құжаттарды мұқият оқып шыққан оның бірінші сұрағы мынау болды: «Сот сізді штатта жоқ қызметке қйта отырғызды ма?» «Иә». Ары қарай Еңбек шартының жоқ екенін, заңды күшіне енген сот шешімі орындалмағанын көрген соң №106 бұйрықтың екіұшты екенін түсінген ол сөзді созған жоқ: «Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, прокуратураға тапсырамын» деді. Осыдан кейін:
- ҚР Бас прокуратурасының 08.02.2017 ж. №2-012881-17-0940 «Направляется для рассмотрения жалобы Аймаганбетова А.К. на действия судебного исполнителя А.Аскар и Изгулова Ж.» деген тапсырмасын алған Ақтөбе облыстық прокуратурасы оны Ақтөбе қаласы ІІБ-ына «Для принятия процессуального решения в части привлечения Изгулова Ж. к уголовной ответственности по ст.430 УК РК» деп 10.02.2017 ж. жіберді. Сот орындаушысының іс-әрекетін тексеру жайлы нұсқауды көрсетпей қалды.
- Облыстық ІІБ бастығының орынбасары бұл тапсырманы 16.02.2017 ж. Сазды ІІБ-не « по факту неисполнения решения суда» деп жіберді.ҚР ҚК-нің 430-бабына сай жауаптылыққа тарту туралы нұсқауды көрсетпеді. Бұл – ҚР Бас прокуратурасының нұсқауын бұрмалаушылық деп санаймын.
Шуақ Айбалтаұлы
qazaquni.kz