ШҚО-да балалар үйінің түлегі мейрамханадағы қыдырысқа 700 мың теңге жұмсады
2018 ж. 12 ақпан
2205
0
Жыл сайын он шақты балалар үйінің түлектері тамаша өмірге қадам басады. Бірақ, мемлекеттік мекемеден шыққан жетім балалар тағы бір шындыққа тап болады. Әрине, айналада қызығатын нәрселер көп.
Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.
Жеті жыл бұрын Шығыс Қазақстандағы ірі кәсіпорындар патронаттық тәрбиеге жүздеген балаларды қабылдап, оларға банктен жеке шот ашып берген.
Балалар кәмелеттік жасқа толған соң өздерінің есепшотындағы ақшаға қол жеткізе алады. Алайды, олар қаражатты қалай пайдаланатындарын білмей, ақшаларын оңды-солды шаша бастайды.
Ирина Якунинаға әртүрлі жағдайларды көрген. Сондай-ақ, жиналған ақшаларын даяршыларға, немесе тағы басқаларға сыйақы ғып бере салатындар да бар. Басқалары жеке кәсіпкерлікпен айналысамын деп ақшаларын қажетсіз жерге жұмсап жатады”,-дейді Ирина Якунина.
Жетi жыл бұрын Шығыс Қазақстанда жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жобасы басталды. Кейін ірі индустриялық кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің, мектептер мен ауруханалардың еңбек ұжымдары балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алды. Олардың жеке есепшотына ақша аударылып отырды. Ол қаражат балалар мектеп бітіргеннен кейін, олардың үй алып немесе университетте оқуға төлеу үшін бөлінеді.
6 жылдың ішінде 200-ге жуық балаға 45 миллион теңге бөлінді. Олардың ішінде тек 33 түлек пәтер сатып алған.
«Үкімет үйінің қабырғасында қалғандардың есепшотында әлі де ақша жиналып жатыр. Өкінішке орай, ата-анасыз өскен және қаржылық сауаттылық деңгейі төмен балалар жылдар бойы жинақталған ақшаны қалай жұмсау керектігін білмейді. Оны өздері-ақ дәлелдеп келеді. Бұл жағдай бізді алаңдатпай қоймайды», -дейді облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Оксана Алпатова.
Үлкен сомаға қол жеткізген балалар үйінің түлектері ақшаларын ойланбастан бейберекет шаша бастайды.
Осы мәселе балалар үйінің басшылығы мен қоғам белсенділерін қатты алаңдатып отыр. Олардың ұсыныстары жергілікті билік органдарына жақын арада ұсынылады. Өз кезегінде, балалар үйлерінің мұғалімдері болашақта жетімдердің қаржылық сауаттылығын арттыруды көздеп отыр. Мектеп бітіріп шыққан түлектер жаңа өмірде қиындыққа тап болмас үшін, осындай шаралар қолдануды іске асырмақшы.