Ресей қазақ даласында ПРО жүйесінің зымыранын сынады
2018 ж. 12 ақпан
8439
10
Ресей әскерилері Қазақстандағы Сарышаған полигонында ПРО жүйесінің зымыранын сәтті түрде сынақтан өткізді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі РиаНовостиге сүйеніп жазады.
Ресей әуе-ғарыш күштерінің полковнигі және ПВО-ПРО бірлестігінің пәрмен берушінің орынбасары Андрей Приходько жаңа зымыранға қарсы қару асқан нақтылықпен шартты түрдегі мақсатқа жеткенін айтты.
Аса маңызды қорғаныс жүйесі ретінде ПРО Мәскеуді сыртқы әуе-ғарыш шабуылдарынан қорғауға бағытталған. Зымыран шабуылы бола қалған жағдайда бұл жүйе ғарыш кеңістігін бақылаушыларға белгі береді.
Зымыранға қарсы қару Мәскеу маңындағы Софрино полигонына қашан жеткізілетіні жөніндегі ақпарат әлі де анықталуда.
-Қарудың ұзақтыққа, дәлдікке, эксплуатация уақытына байланысты техникалық анықтамасы қазіргі таңда қолда бар қарулардан оқ бойы озық тұр. Аталмыш қару ПРО жүйесінің барлық басқа қарулары іспетті белгіленген аймақты қауіптен құтқаруға бағытталған мықты қорғаныс құралы боларына шүбә жоқ. Ол тек бір ғана соққыға емес, топтық зымыран соққысына да тойтарыс бере алады, -деді Приходько.
Ол ПВО-ПРО жүйесі қазірде жаңартылу үстінде екенін атап өтті. 2017 жылы 24 қарашада Ресей қорғаныс Министрлігі Қазақстандағы Сарышағанда зымыранға қарсы қарудың сынамасын өткізген еді.