Астанада түгі қалмай өртенген үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған
2018 ж. 08 ақпан
6007
5
Астана маңындағы Ильинка елді мекенінде екі қабатты үйдің бірі өртеніп кетті. Түгі қалмай өртенген үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған, - деп жазды stan.kz.
Бұл жайтты куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, желіге жүктеді.
«Үйдің екі қабаты да өртеніп, түгі қалмай жанып кеткен. Тек Құран кітаптары ғана аман қалыпты. Көрдіңіздер ме? Құдайдың құдіреті. Алланыз сөздері, кітаптың іші-сырты сау. Үйдегі басқа құжаттар мен техникалық құралдардың бәрі өртеніп кеткен», – дейді ол.
Видео қыс мезгілінде түсірілгеніктен оқиға жақын уақытта болған деп топшылауға болады.