Түрікменстанда пәктігінен айырылған оқушы қыздарды жұрт алдында масқаралап жатыр
2018 ж. 07 ақпан
6696
10
Түрікменстанның Дашоғыз қаласындағы мектептерде, тағы бірқатар аудан орталықтарында дәрігерлер мен полицейлер оқушылардың телефондарынан порнографиялық видео және фото іздеп, қыздарды гинекологиялық тексеруге жіберген, деп жазды Sputnik centralasian.org-қа сілтеме жасап.
Түрікменстанның солтүстігіндегі облыста өткен аптада жергілікті білім беру мекемелерінің, ұлттық қауіпсіздік қызметінің, полицияның қызметкерлері және дәрігерлер алдын ала ескертусіз сабаққа келіп, жоғарғы сынып оқушыларының телефондарын жинап алған. Содан кейін ғана телефондардан мультимедиалық файлдарға тексеретінін айтқан.
Мұндай тексеріске облыс әкімінің білім және мәдениет жөніндегі орынбасары тапсырма берген, деп хабарлады Азатлык дереккөзі.
"Тексеруге келгендер барлығымыздың телефондарымызды жинап алды. Олар не тексеретінін түсіндіріп жатпады. Бірақ кейін олар порнографиялық файлдар іздегенін айтты. Оқушылардың барлығынан дерлік мұндай файлдар табылды", — деді Дашоғыз облысы, Гурбансолтан ауданындағы орта мектеп оқушысы.
Оның айтуынша, порнографиялық файлдар табылған соң мобильді телефондарын алып қойып, мектеп оқушыларымен ата-аналармен бірге әңгімелескен.
"Жоғарғы сыныптағы қыздарды бір сызыққа тұрғызып қойып, мектеп медпунктінде тексерген. Пәктігі табылмаған қыздардың шешелерін шақыртып, бүкіл мектепке масқаралаған. Осы тексеруден соң мектеп директорын жұмыстан шығарды", — деді дереккөз.
Дашоғыз жергілікті әкімдігінің өкілдері Азатлык радиосына тексеру себептерін түсіндіруден бас тартты.
Бірақ аудандық полиция қызметкерінің айтуынша, мектеп жасындағы қыздардың жезөкшелікке салынуы жиілеп кетуіне байланысты осындай тексеру жүргізілген. "Тексеру осындай мәселемен күресу үшін жасалды", деді дереккөз.