АҚТӨБЕ ЖЕМҚОРЛАРЫ және АЛДАБЕРГЕН БАТЫР

2. Он жылға созылған «композит мұнай» жыры

Ақтөбе қаласының тұрғыны, ҰҚК-нің бұрынғы капитаны, ардагер теміржолшы А.Аймағанбетов 2008 жылдың мамыр айында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті А.Маминге, Ақтөбе облысының прокуроры Б.Асыловқа, «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлықа қарсы комиссия атына Ашық хат жолдайды. Онда ол Ресейден келетін мұнайдың Қандыағаштан Ресейге қайтадан мұнай композиті (қалдығы) зат ретінде жөнелтілетінін көрсетеді. Аймағанбетовтің ол кездегі қызмет орны – Ақтөбе темір жолы бөлімшесінің Вагондарды автоматты түрде жөнелтуді басқару бөлімінің бастығы болатын. Басқаша айтқанда, не келіп, не кетіп жататынын басқалардың бәрінен де жақсы білетін маман. Алдекеңнің тікелей қызметтік міндетіне вагондардың, әсіресе, ТМД елдерінен, алыс шет елдерден келетін вагондардың бөлімше стансаларында артық тұрып қалмауын («простой» вагона)күнделікті қадағалап отыру кіретін. Бұл бөлімше жолының аумағына кірген вагондар сол бойда арнайы бағдарламаның бақылауына алынады, «қызыл түске» боялып тұрады. Бөлімде 5 диспетчер, 2 инженер, Алдекеңнің өзімен 8 бірдей маман жұмыс істейді. Ресейден мұнайдың кодымен тіркеліп келген вагон біраз күн Қандыағаш стансасында тұрады. 20-30 күннен сол нөмірлі вагон, бірақ, үстіндегі жүгі мұнай емес, композит деп, коды ауыстырылып жазылып, Ресейге кетеді. Басқа жүк артылуы үшін вагон-цистерна алдымен жүгін түсіруі, ол үшін маневрлік тепловозға тіркеліп «кірме жолға (подъездной путь) берілді» деген, «бұрынғы жүгі түсірілді (уборка)» деген, жүгі тиеліп болғаннан кейін«басқа зат тиелді» деген бірнеше операция атқарылуы тиіс. Бірақ, бұлардың ешқайсысы да атқарылмайды! Атқарылғаны жайлы ешқандай электрондық құжаттар жоқ!.. Атқарылған жұмыс – темір жолдың «наны», ол осы қызметі үшін клиенттерінен – зауыттардан, басқалардан төлемақы алады. 2008 жылы маусым айында Алдекеңнің дабылынан кейін Астанадан, ҚТЖ-дан арнайы комиссия келді. Комиссия Алдекең көтерген мәселені тексеріп отырып, «бір жоқты бір жоқ табады» дегендей, жолай Ақтөбе темір жолы бөлімшесі өзінің клиенттерінен алмай жүрген 20 млн. теңгеден астам ақша тапты. Акт жасады. Бірақ... Мұнайдың композитке айналып кетуіне байланысты бір ғана вагон шикізат бойынша заң бұзушылық табады. (Неге олай еткендерін бәріміздің де ішіміз сезіп отыр ғой...) 2008 жылдың қарашасында Алдекең жұмысында сөгіс алады, он күн өтпей жатып қатаң сөгіс алады. 2009-жылдың 9-қаңтарында кабинетінен барлық құжат тұрған сейфі ұрланады. Ең ақыры 2009-жыл сәуір айында оны жұмыстан шығарады. Бұл екі ортада Алдекеңнің отбасына телефоннан бірнеше рет қорқытып қоңырау шалынады. Аймағанбетов «менің отбасымның мүшелері қандай да бір келеңсіз оқиғаға душар болып жатса, оны темір жол бөлімшесі басшылары Ізғұлов пен Петровтан көретін боламын» деп құқық қорғау органдарына хат жазуға мәжбүр болады... Жоғарыдағы дерек (факт) бойынша Қаржы полициясы қылмыстық іс қозғалып, 2009 жылы 4-қыркүйектегі Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының Қандыағаштағы қылмыстық іс жасағандар мемлекетке 5,5 млрд. теңге шығын әкелгені жайлы үкімі шығады. Алдекеңнің есебі бойынша шығын жүздеген есе көп болу керек еді. Кінәлі жақ деп жүкті, яғни, мұнайды қабылдап алушы «Вернал-Ойл» ЖШС-і мен жүк жөнелтуші 3-ші Қандыағаш мұнай өңдеу зауыты (КНПЗ-3) деп танылды. «Вернал-Ойл» қабылдап алып, КНПЗ-3-ке жібергені, жүктің қолмен түсірілгені жайлы қолмен жазылған акт қана болады (болуға тиіс электронды құжаттар болмағанын жоғарыда айттық). Ал, Қазақстан темір жолында вагондардан жүктің түсірілуі (уборка вагонов) сонау 1996 жылы-ақ автоматтандырылып қойған болатын. Сот өз тексеруінде мұнша уақытта мұнай бұл жерде түсіріліп, артылуы мүмкін емес деген қорытындыға келеді. («Осы жерде бір жылдан соң сол соттың судьясы болған Нұржамал Әжіғалиева, тағы үш судьяның, оның ішінде кассациялық алқа судьясы Лемашова Л.В. бар, қызметтен кеткенін айта кетуге тиіспін, бұл – классикаға айналған киноның тілімен айтқанда «информация к размышлению...» дейді Алдаберген ағай). 89 беттен тұратын сот қаулысын қолына алған Алдекең отыра қалып анализ-сараптама жасайды. «Сот 2007 жылы 17-31 наурыз арасын, яғни 15 күнді, 2008 жылы 45 күнді қарастырған, барлығы 60 күнде 164 вагон мұнай композит болып кеткен деп қарастырған. Екі жылда 730 күн бар емес пе, аржағындағы 670 күнде қанша вагон мұнай композит түрімен кеткенін неге қарастырмаған? Мемлекет 60 күнде 5,5 млрд.теңге зиян шеккен болса, 670 күнде қанша зиян шегуі мүмкін?..» дейді ардагер теміржолшы. 2010 және 2012 жылы Алдекеңе «ҚТЖ-дан» 2007 және 2008 жылдары «ҚТЖ басқармасының тексеруі барысында Қандыағаштан Ресейге композит деп, ал, шын мәнінде мұнай жіберілгені анықталды» деген 2 хат келеді. Бұл – болған істің анықталуы, мойындалуы еді... 2010 жылы Бас прокуратураның 14-шілдедегі тексеру қорытындысына сәйкес 1 вагон-цистерна мұнайдың тасымалдау тарифі мұнай-композиттен 45654 теңге қымбат. Екіншіден. Мұнайдың өзіндік құны мен оның қалдығы – композиттің өзіндік құнының айырмашылығы бар ғой! Мемлекет бұл жерден тағы зиян шегіп отыр. Үшіншіден, жалған композит тиелген мұнай шетелдерге кетті ғой. Өйткені, ол транзиттік мұнай болып келді, транзиттік болып кетті. Ал, транзиттік тасымалдау бағасы біздің еліміздің ішіндегі тасымалдау бағасынан бірнеше есе қымбат! «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2010 және 2012 жылғы тексеру қорытындысы мен ҚР Бас көлік прокуратурасының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабымен (экономикалық контрабанда) 2016 жылы 24-ақпанда қылмыстық іс қозғайды. Қозғауын қозғағанмен, жылдың аяғында, 25-желтоқсанда бұл істі өзі қысқартып тастайды (?). Ақтөбеде кәзір не болып жатыр? Облыстық құқық қорғау органдары А.Аймағанбетовке «Ізғұловтың мұнай композитіне контрабанда жасағанына қатысты жауапкершілігін әзірше қарастыра алмаймыз, өйткені бүгінгі таңда ол ҚР ҚК-нің 430-бабы бойынша жауап беріп жатыр» дейтін көрінеді. «Оу, қашаннан бері бір адамның жауапкершілігін бірнеше баппен қарауға болмайтын болған? – дейді ардагер. ­Қазынаның 70 млрд. теңгесін жымқырғаны үшін кезінде Атырау облысының басшылары қатаң жазаланды. Ал бұл жердегі зиян 100 млрд. теңгеден көп, бірақ, оған ешкім жауап берер емес...» Жауап беруді айтасыз, Ақтөбе темір жолының бұрынғы басшылары «ең жақсы қорғаныс – шабуыл» деген мәтелді еске түсіріп, «абыройымыз бен беделімізге нұқсан түсіргені үшін» деп Аймағанбетовті жауапқа тартуды талап етуде. Міне, сізге теріс айналып кеткен дүние! Біз неге «Ақтөбе темір жолының бұрынғы басшылары» деп отырмыз? Өйткені, Ізғұлов пен Петров мырзалар Астанаға, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның департаментінің бастығы мен оның орынбасары қызметіне ауысып алған. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. Мемлекет қазынасына жаны ашитын адам зардап шегеді, ал, өзіне сол мемлекет сеніп тапсырған жерді заңсыз жекешелендіріп алған, екі жылдай мұнай қалдығы деген жалған құжатпен мұнайдың өзін жөнелтіп отырған адамдардың мансабы биіктеп кетеді. Бізге «сот кінәлі деп таппаған адамдар жайлы бұлай жазуға болмайды» деген уәж де айтылар. Бірақ, бар мәселенің өзі сол лауазымды кісілерді тергеудің өзінің әлі мүмкін болмай тұрғанында ғой. Адал болса неге олар сотқа алдымен өздері келмейді, неге абыройын арашалап, адал атын дәлелдеуге елдің бәрінен де бұрын мүдделі болмайды? Главному транспортному прокурору РК М. Алиханову От свидетеля, ветерана железнодорожного транспорта А.Аймагамбетова ИНН -500519300790 г.Актобе, Заречный -2, уч.166 т- 8701- 372-3661 Жалоба на №2-19150-17-06476 от 20.10.2017 года Уважаемый Прокурор! В ответе указано – В настоящее время транспортная прокуратура лишена правовых оснований для отмены решения органа следствия и направления дела для производства дополнительного расследования. Относительно привлечения Изгулова Ж. к ответственности сообщаю, что Департаментом национального бюро по противодействию коррупции Актюбинской области расследуется уголовное дело в отношении должностных Актюбинского отделения дороги. По результатам расследования органом будет принято окончательное процессуальное решение. – Департаментом национального бюро расследуются «скрытые» факты о приватизации имущества собственности Государства, расположенная на территории магистральной железнодорожной сети РК, а не «скрытом» факте контрабанды сырой нефти на основании нарушений требования ст.1 8-1) Закона РК «О железнодорожном транспорте» под руководством Директора Актюбинского отделения дороги филиала АО НК КТЖ Жарас Изгуловым. Уважаемый Главный транспортный прокурор РК! Считаю, на основании Акта приема-сдачи вагонов-цистерн ручного заполнения о том, что вагоны-цистерны груженной сырой нефтью, прибывшие с России на станцию Кандыагаш Актюбинского отделения дороги в 2007-2008 годы под выгрузку на подъездной путь грузополучателя ТОО «Вернал-Ойл Казахстан» не поданы. Тому подтверждение электронные справки АО НК КТЖ за 2011 годы и за 2016 годы, которые 07 октября 2017 года вместе Актами приема-сдачи вагонов ручного заполнения предоставлены Главному транспортному прокуратуру РК. Считаю, на станционном пути станции Кандыагаш изменено сведение о вагоне, что является «служебным подлогом», за что необходимо ответить перед Законом РК. Прошу Главного транспортного прокурора РК: 1.Дать указание проверить: подано ли вагоны-цистерны груженной сырой нефтью, прибывшие с России под выгрузку на подъездной путь ТОО «Вернал-Ойл Казахстан» по станции Кандыагаш Актюбинского отделения дороги филиала АО НК КТЖ на период: а) с 01.01.2007 года по 16.03.2007 года; б) с 01.04.2007 года по 31.12.2007 года в) с 01.01.2008 года по 21.02.2008 года г) 09.04.2008 года по 31.12.2008 года С уважением А.К.Аймагамбетов  

Шуақ Айбалтаұлы

qazaquni.kz