Елорда тұрғыны Жоғарғы сот ғимаратының алдында өзін өртей жаздады. Жақсыгүл Бөкенова өзінің бауырын біреуді зорлады деген айыппен соттағаннан кейін осындай әрекетке барған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Астаналық әйел Жоғарғы соттың алдында өзін өртемек болды
2018 ж. 30 қаңтар
3633
4
Телеарнаның деректеріне сүйенсек, Жақсыгүл Бөкенова Жоғарғы соттың қабылдауына жазылады. Бірақ оның кабинетіне сол күйі кіре алмаған. Содан кейін осындай шарасыздыққа барады. Ол үстіне бензин құйып, өзін өртемек болады. Сол сәтте полицейлер үлгеріп келіп, от тұтататынын алғанда Жақсыгүл сіріңкесін шығарады. Содан соң арнайы отряд қызметкерлері оны ұстауға мәжбүр болады.
Жақында оның бауыры Қуаныш Бөкенов адам зорлады деген айыппен 10 жылға сотталды. Қылмыс 2015 жылы болған. Бірақ зардап шегуші сотқа екі жыл өткен соң шағымданады.
Сотталған азаматтың туыстары оны кінәсіз деп отыр. Бір қызығы, зардап шегуші қыздың бұрынғы достары да оны айыпты емес дегенді қолдайды.
«Ол өзінің жағдайын жасап алғысы келеді. Шын айтып тұрғандай сөйлейді. Бізді бірнеше рет алдады. Ата-анам қайтыс болып кеткен дейтін, бірақ олар – тірі. Содан соң лейкемиямен ауырамын, өмірім ұзақ болмайды дейтін. Дегенмен әлі күнге дейін аман-есен», - дейді Ақбота Ақмұрзиева.