«Алтын белгі» медалінің 500 мыңға сатылуына қатысты министрлік түсініктеме берді
2018 ж. 25 қаңтар
5798
2
Қазақстандық интернет сауда желісінде «Алтын белгі» төсбелгісі сатылады деген хабарлама пайда болды. Хабарламаның авторы медальді Алматыда 500 мың теңгеге сататынын көрсеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Білім және ғылым министрлігі хабарламаға байланысты түсініктеме берді. Мекеменің айтуынша, заңда төсбелгілердің сатылуына тыйым салынбаған.
«Бұл есімі көрсетілген медаль. Медаль иегердің аты-жөні көрсетілген сертификатпен бірге жүреді. Яғни оны пайдалану үшін біреуге беруге не сатуға мүмкін емес. Тек қана қызығушылық танытқан коллекционерлер үшін ғана мүмкін», - дейді министрлік.
«Әрине біз мұндай әрекеттерді қолдамаймыз, бірақ қылмыстық қудаланбайды, өйткені медальдің көмегімен ешкім «Алтын белгі» медалі иегерлерінің жеңілдіктерін пайдалана алмайды», - деп нақтылады БҒМ.