Өзбек ақыны автобус өртінде қаза тапқан қандастарына жоқтау шығарды
2018 ж. 21 қаңтар
3636
3
Ⓒazattyk.org
Өзбектің ақын қызы Шахло Ахророва автобустағы өрттен опат болған қандастарына арнап жоқтау шығарды. Сай-сүйекті сырқырататын зарлы өлеңді назарларыңызға ұсынамыз.
Жыла, Отан!
Басыма ақ салам-ай деп жыла, Отан,
Қырды кезген налам-ай деп жыла, Отан.
Елу екі дем үзілді бір-ақ сәтте,
«Елу екі данам-ай!», - деп жыла, Отан,
Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла, Отан!
Несібемді терейін деп шығып кеткен,
Пешенемнен көрейін деп шығып кеткен,
Ана еңсесін көтерместей жығып кеткен,
«Ессіз кеткен балам-ай!», - деп жыла, Отан,
«Ізсіз кеткен балам-ай!», - деп жыла, Отан!
Өзге жұртта сарсаң болып, қор болдың ба,
Ах, перзентім көмегіме зар болдың ба?
«Елу екі жұлынымды үзіп кеткен
Елу екі құлынымды жұлып кеткен,
Шейіт кеткен балам-ай!», - деп жыла, Отан!
Ең ауыр қам – бала қабірін көру екен,
Ең ауыр дерт – өзге жұртта өлу екен,
Ең ауыры – бәріне де көну екен,
«Көкке жетті налам-ай!», - деп жыла, Отан,
«Қабірің қане балам-ай?», - деп жыла, Отан!
Қайда барсаң іздеріңнен еремін де,
Үйіңе қайт, ырыздық тауып беремін де,
Бөтен елде сен басыңды иіп жүрсең,
Бас көтеріп қалай енді жүремін де,
…Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла, Отан!
Аударған Сұлухан Мыңбай