Қытайлар мұсылмандарды бейнебақылау құрылғысы арқылы ауылдарға қамап тастады
2018 ж. 19 қаңтар
6348
1
Қытай билігі Синьцзян-ұйғыр автономды ауданында адамның түрін тани алатын жүйе орнатты. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
Тұрғындардың көпшілігі ислам дінін ұстанатын ауданда адамның түрі мен қозғалысын бақылайтын құрылғы орнатылды. Адамдар қауіпсіз аймақтан 300 метрге ұзап кетсе, құрылғы бұл жайлы хабар беріп отырады. Қауіпсіз аймаққа үйі мен жұмыс орны жатады.
«Бұл жүйе адамдарды бақылауда ұстау үшін өте тиімді. Бұрынғыдай ешкімнің құжатын тексеріп жүрмейді. Жеңіл түрде болды», – дейді The Competitive Enterprise Institute орталығының вице-президенті Джим Харпер.
Синьцзянның Ирак астанасы Бағдат қаласына жақын аймағында да бақылау күшейтілген.
2014 жылы Синьцзянда 32 адам террорлық әрекеттер салдарынан көз жұмды. Радикалды бағытты ұстанатын исламшылар ауданға Ауғанстан мен Пәкістаннан келеді. Былтыр ақпан айында Пишань уезінде лаңкестік оқиғала салдарынан 10 адам зардап шекті.